Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1148. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан республикасы төлем жүйесiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;"
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге
асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесi

      Осы Ереже электронды тәсiлмен ақша төлемдері мен аударымдары туралы нұсқау беру талаптарын, сондай-ақ мұндай нұсқаулардың орындалуын қайтарып алу мен тоқтатуға, бұрын берiлген нұсқаулардың нақтылығын немесе оларды ұсынудың заңдылығын растауға байланысты хабарларды электронды тәсiлмен беру талаптарын белгiлейдi.
      Ескерту. Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 228 қаулысымен

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Ережеде "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында, "Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) электронды құжатты жiберушi (бұдан әрi - жiберушi) - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банк немесе ұйым (бұдан әрi - банк) немесе электронды құжатты жасайтын және жiберетiн банктiң клиентi;
      2) электронды тәсiлмен беру - құжатты электронды нысанмен телекоммуникациялар желiлерi бойынша немесе магниттi жазбамен беру;
      3) нақты электронды құжат - жiберушi жасаған және оған кейiннен енгiзiлген түзетулер және/немесе өзгерiстер жоқ электронды құжат;
      4) электронды құжатты алушы, (бұдан әрi - алушы) - жiберушiнiң атынан және/немесе тапсыруымен электронды құжатты өңдеушi және/немесе орындаушы банк;
      5) қауiпсiздiк рәсiмi - электронды құжаттардың нақтылығын анықтау мақсатымен оны жасаған, берген және тексерген кезде қолданылатын рәсiм;
      6) электронды құжаттар алмасу жүйесi - белгiленген ереже бойынша электронды тәсiлмен хабар (нұсқау, нұсқауды қайтарып алу не орындалуын тоқтата тұру туралы өкім, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымына қатысты өзге де хабарлар) беруге болатын жүйе;
      7) алынып тасталды;
      8) элетронды төлем құжаты - ақша төлемi мен аударымы жасалғанда негiзге алынатын немесе соның көмегiмен жасалатын электронды құжат.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 228 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында тек қағазға жазып беру көзделген нұсқауларды электронды тәсiлмен беруге болмайды.
      3. Нұсқауларды электронды тәсiлмен алмасу ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыруға қатысушы жақтар арасында жасалған шарттар негiзiнде және/немесе электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасу жүйесiнiң жұмыс iстеу ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
      3-1. Электрондық құжаттармен алмасатын қатысушы осы жүйеге қызмет көрсететін орталық берген тіркеу куәлігі болған жағдайда Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын электрондық тәсілмен жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 228 қаулысымен.
      3-2. Ақша төлемі мен аударымын электрондық тәсілмен жүзеге асыру кезінде банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық құжаттар алмасу жүйелерін пайдалануды болдырмау бойынша шараларды, сондай-ақ қажетті рәсімдерді әзірлейді және қолданады.
      Ескерту. 1-тарау 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Электрондық цифрлық қолтаңба

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      4. Электронды сандық жазу жiберушiнiң электронды құжатты жасағанын, онда түзетулер немесе өзгерiстер жоқ екенiн және жiберушiнiң электронды құжаттың мазмұнымен келiсетiнiн растайды.
      5. Электронды сандық жазу жiберушiнiң электронды төлем құжаты бойынша осы электронды төлем құжаты нақты болып табылған жағдайда өзiне мiндеттеме алғанын растайды.
      6. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыруға қатысушылар электронды сандық жазуды олардың арасында жасалған шарттарда және/немесе электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасу жүйесiнiң жұмыс iстеу ережесiнде көзделген тәртіппен және шарттармен қабылдайды.
      6-1. Электрондық сандық қол қоюды пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 228 қаулысымен.

3. Электрондық құжаттар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Хабар электронды сандық жазу қолданылып жасалғаннан кейiн электронды құжат мәртебесiне ие болады.
      8. Электронды құжат жiберушi мен алушы арасында жасалған шартта және/немесе электронды құжатты алмасу ережесiнде көзделген қауiпсiздiк рәсiмiн пайдалана отырып жасалады.
      9. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009 N 85 Қаулысымен.

       10. Жiберушi электронды тәсiлмен берiлген нұсқауды орындаудан бастартқан жағдайда, алушы оны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жiберушiге электронды төлем құжатын орындаудан бастартқаны туралы хабарлауға тиiс, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде басқаша белгiленбеген болса, бастарту себебi көрсетiледi.
      Алынған және/немесе орындалған электронды төлем құжаттарының бухгалтерлiк есебiн банк оның iшкi есеп саясатының талаптарына сәйкес жүзуге асырады.
      11. Жiберушiлер мен алушылар электронды құжаттарды жасау, қабылдау, беру үшiн және/немесе ақпаратты сақтау үшiн (қорғаныстың ұйымдық және бағдарламалық-техникалық шараларын қоса) қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың бәрiне немесе бiр бөлiгiне рұқсатсыз кiрудi шектеу құралдарын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес белгiлейдi. Жоғарыда көрсетiлген талаптар болмаған жағдайда жiберушi мен алушы қауiпсiздiк деңгейiне қойылатын талаптарды жеке белгiлейдi.

4. Хабарламаларды электрондық тәсiлмен беру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Электронды тәсiлмен нұсқау беру жолымен жүзеге асырылатын ақша төлемi және/немесе аударымы барысында алушының оны орындауының кез-келген сатысында нұсқау электронды төлем құжаты түрiнде берiлетiн кез-келгенi ақша төлемi және/немесе аударымы бола алады.
      13. Егер жiберушi мен алушы электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасудың бiр жүйесiн пайдаланушылар болып табылса жiберушi мен алушы арасында мұндай ұсынысты көздейтiн шарт жасамай-ақ ақша төлемiн және/немесе аударымын электронды тәсiлмен нұсқау беру жолымен жүзеге асыруға болады. Мұндай жағдайда хабарларды электрондық тәсiлмен беру электронды құжаттар алмасу жүйесінің жұмыс iстеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Ақша төлемi және/немесе аударымы электронды тәсiлмен нұсқаулар беру жолымен жүзеге асырылатын шартта жiберушi мен алушы арасында электронды құжаттың нақтылығын анықтаған кезде туындайтын дауларды шешу тәртiбi болуы тиiс.
      15. Егер:
      жiберушi мен алушы арасында электронды тәсiлмен нұсқаулар беру туралы шарт жасалған болса және/немесе жiберушi мен алушы электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасудың бiр жүйесiн пайдаланушылар болып табылса:
      ұсынылған электронды төлем құжатының нақтылығы анықталған болса ақша аударымы электронды тәсiлмен берiлген нұсқаулар негiзiнде жүзеге асырылады.
      16. Электронды төлем құжатын жiберген кезде немесе алған кезде жiберушi мен алушыда электронды төлем құжатының жiберiлгенi немесе алынғаны туралы айғақ қалуға тиiстi. Электронды төлем құжатының өткенi туралы айғақ электронды түрде де, сондай-ақ электронды төлем құжатын өңдеу барысында жасалған қағазға шығарылған құжат түрiнде де қалуы мүмкін.
      17. Электронды төлем құжатының жiберiлгенiне және/немесе алынғанына электронды құжаттың алынғаны туралы хабар немесе электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасу жүйесiнiң жұмыс iстеу ережесiнде және/немесе жiберушi мен алушы арасындағы тиiстi шартта белгiленген басқа ақпарат айғақ бола алады.

5. Қауiпсiздiк рәсiмдерi

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Қауiпсiздiк рәсiмi ақша төлемiн және аударымын жүзеге асыруға қатысушылар арасында жасалған шарттарда және/немесе электронды құжаттар беру жүзеге асырылатын электронды құжаттар алмасу жүйесiнiң жұмыс iстеу ережесiнде белгiленедi.
      19. Электрондық төлем құжатының түпнұсқалылығы жіберуші мен алушы арасында жасалған шартта және/немесе электрондық құжаттарды беруді жүзеге асыратын электрондық құжаттармен алмасу жүйесінің жұмыс істеу ережесінде белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін алушының орындауы нәтижесінде электрондық қол қоюмен расталады және анықталады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 228 қаулысымен.
      20. Қауiпсiздiк рәсiмi криптографиялық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Электронды құжаттағы электронды жазуды жіберушi ұсынған жазу үлгiлерiмен салыстырып қарау қауiпсiздiк рәсiмi болып табылмайды.
      21. Егер де хабарларды электронды тәсiлмен берген кезде қауiпсiздiк рәсiмi ретiнде электронды құжатты жiберушiнiң кiм екенiн, оның мазмұнында түзетулердiң және/немесе өзгерiстердiң бар екенiн нақты анықтауға мүмкiндiк бермейтiн рәсiмдер пайдаланылса, онда осы мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн қосымша шаралар қолданылуға тиiстi. Қорғаныс iс-әрекеттерiнiң қосымша шараларының төлем құжатын қайталап беру, төлем құжатын берудi растау немесе жiберушi мен алушы арасындағы уағдаластық бойынша белгiленген басқа да шаралар көзделуi мүмкiн. Бұл орайда алушы жiберушiге электронды құжатты қайталап алғанын хабарлайды.

6. Электрондық төлем құжаттарын қағаз тасымалдауыштарда
рәсiмдеу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Электронды төлем құжатын пайдалана отырып жасалған төлемге электронды төлем құжатының мазмұнын қағазға шығарып беру немесе басқаша беру айғақ бола алады. Бұл орайда электронды төлем құжатының мазмұнын қағазға шығарып беру немесе басқаша беру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделуге тиiстi.
      23. Электронды төлем құжатының мазмұнын қағазға шығарып беру немесе басқаша беру ақша төлемi мен аударымын тек қана нақты электронды төлем құжаты негiзінде жүзеге асыруға негiз болып табылады.

7. Электрондық құжаттарды сақтау

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Орындалған электронды төлем құжаттары электронды нысанда магниттi жазбаларда немесе жазбаның басқа түрлерiнде сақталады және сақтау мақсатында электронды төлем құжатының мазмұнын қағазға шығарып берудi немесе басқаша берудi талап етпейдi.
      25. Электронды төлем құжаттарын сақтау ережесi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрленген банктiң iшкi құжаттарында белгiленедi.
      26. Бухгалтерлiк есеп жүргiзу мақсатында банк орындалған электронды төлем құжаттарының жалпы анықтамасын жасап оны есеп жазбаларын тексеру, мемориалдық құжаттарды ресiмдеу үшiн, сондай-ақ есеп жүргiзудiң ішкi ережелерiнде көзделген бухгалтерлiк есептiң басқа да мақсаттары үшiн пайдалануға құқылы.    

8. Қосымша талаптар

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Жiберушi мен алушының рұқсат етілмеген электронды төлем құжатын бергенi және/немесе орындағаны үшiн жауапкершілігі жiберуші мен алушы арасындағы типтi шартта және Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленедi.
      28. Осы Ережеде реттелмеген мәселе Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес реттеліп отырады.

      Ұлттық Банк Төрағасы