Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 348-Б бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙРЫҚ Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 2000 жылғы 2 ақпан N 43. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 2000 жылғы 21 ақпан өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тіркелді. Тіркеу N 1064. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 401 бұйрығымен.

Күшін жойған

       --------------Бұйрықтан үзінді----------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, кеден ісі саласындағы нормативтiк құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының және Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының күшi жойылды деп танылған бұйрықтарының тiзбесi

       10. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 348-б бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2000 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 21 ақпанда N 1064 болып тiркелген)...

_________________________________      

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы" Келісімнің 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 02 тамыздағы N 348-Б бұйрығымен бекітілген "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы" Нұсқаулығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) 7-тармақтың бірінші абзацы "үшінші елдерден шыққан" деген сөздерден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 7-тармақтың екінші абзацы "әкелінетін" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

       Төраға