БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 02 тамыздағы N 348-Б бұйрығымен бекітілген "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы" Нұсқаулығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 7-тармақтың бірінші абзацы "үшінші елдерден шыққан" деген
сөздерден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын; 2) 7-тармақтың екінші абзацы "әкелінетін" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын. 2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Төраға Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.