Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 Бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Әділет Министрлігінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1036 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 31 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Автокөлік құралдарын кепілұстаушылар құқықтарын қорғау мақсатында,
      БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. "Қазақстан Республикасы нотариустерінің нотариалдық іс-қимыл жасау тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 V980564 Бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы нотариустерінің нотариалдық іс-қимыл жасау тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа:
      97-тармақ "автокөлік құралы" деген сөздерінен кейін "және Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан осы автокөліктің кепілде жоқтығы туралы анықтаманы талап етеді" деген сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр