Жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында Қаулы етемін:
1. 1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 1999 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын.
Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни бірлестіктер басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын;
облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне, орталық атқарушы органдардың басшыларына осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;
2) 1999 жылғы 20 қаңтарға дейін Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;
3) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;
4) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы аясында белгіленген
іс-шаралардың жүзеге асу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен
және уақтылы жариялауды қамтамасыз етсін;
5) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі
Мемлекеттік комиссияға Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу және Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылдары
жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды жүктесін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Үмбетова А.М.)