Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2835 Заң күшi бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:

      1. Он үшiншi сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң екiншi сессиясында 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң K941000_ (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, қосымша) 10-бабының 4-тармағы "құжаттарымен" сөзiнен кейiн "немесе оларда белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын.

      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi