Заң күшi бар Жекешелендiру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721

Қолданыстағы

     ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472  
              Заңымен енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап  
 
              қолданысқа енгізіледі.

     "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес осы Жарлықты
шығарамын.

              1 ТАРАУ. Жалпы ережелер
     
     1-бап. Жекешелендiру ұғымы
     


      Жекешелендiру дегенiмiз - меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң еркiмен осы Жарлықта белгiленген арнайы рәсiмдер шеңберiнде немесе ол анықтайтын тәртiппен жүргiзiлетiн, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың, мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiне сату.

      2-бап. Жекешелендiру субъектiлерi

      1. Жекешелендiру субъектiлерi сатушы және сатып алушы болып табылады.
      2. Сатушы жекешелендiрудi жүргiзуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган.
      3. Сатып алушы - жекешелендiру барысында мүлiктi сатып алатын жеке тұлға, мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе шетелдiк заңды тұлға.
      Сатып алушы жағынан бiрнеше тұлға қатысқан жағдайда олар бiрлесiп iс-қимыл жасайды.
      4. Жекешелендiру кезiнде мыналар сатып алушы бола алмайды:
      1) жарғылық қорында мемлекеттiң үлесi 20 проценттен асатын шаруашылық серiктестiктер;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру сауда-саттықта объектiнi сатудың шарты болып табылатын қызмет түрлерiмен айналысуға хақы жоқ заңды тұлғалар.
      5. Акциялардың мемлекеттiк пакетi сатылған кезде акционерлiк қоғам сатып алушының акцияларын иеленетiн болса, сатып алушы - акционерлiк қоғам акцияларының 25 процентiнен астамын сатып ала алмайды.
      6. Сатып алушы жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдал тартуға хақылы.

      3-бап. Жекешелендiру туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңдары осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге заң актiлерiнен, жарлықтары мен өкiлдерiнен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады.
      2. Уәкiлдi органдар осы Жарлықта және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде жекешелендiру жөнiндегi қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады. <*>
      3. Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiн жекешелендiрудiң ерекшелiктерi арнайы заңдармен реттеледi.
      4. Осы Жарлық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi уәкілетті органы мен бекiтiлген инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты iске асыру процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетін, мүлікті иелену,

пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі өзге де 
құқықтық қатынастарын реттемейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
              1997.06.30. N 139-1 Заңымен.  

Z970139_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
              1999.08.02. N 466-1 Заңымен.  

Z990466_

  
     ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. 
              N 162 Заңымен.  

Z010162_

 


     4-бап. Жекешелендiрудi жүргiзудiң негiзгi принциптерi
     
     Жекешелендiрудi жүргiзген кезде негiзгi принциптер жариялық,
бәсекелестiк, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерiнiң
жекешелендiрудi жүргiзудiң заңдылығына жауапкершiлiгi және сатуға
шығарылатын объектiлер туралы берiлген мағлұматтардың растығы болып
табылады.

              2 ТАРАУ. Жекешелендiру объектiлерi
     
     5-бап. Жекешелендiру объектiсi
     


      1. Тек мемлекет иелiгiнде ғана болатын объектiлерден басқа мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi болып табылады.
      2. Мемлекет мүлкiнiң мынадай түрлерi жекешелендiру объектiлерi болып табылады:
      1) мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме (бұдан әрi-кәсiпорын);
      2) жекешелендiру тұйық технологиялық тiзбектi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi;
      3) кәсiпорынның мүлкi;
      4) шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорларындағы акциялар мен үлестер.
      3. Мемлекет мүлкiне иелiк етуге уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган оны жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап мемлекет мүлкi жекешелендiру объектiсiне айналады.

      6-бап. Кәсiпорын жекешелендiру объектiсi ретiнде

      1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын құрамына оның қызметiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi кiредi, бұған үйлер, ғимараттар, жабдықтар, мүкәммал, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ заңды тұлға ретiнде кәсiпорынға тиесiлi ерекше құқықтар қосылады.
      1-1. Мүлiктiк кешен ретiнде жекешелендiруге жататын кәсiпорын (құрамына оларда сақтаулы тұрған мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары кiрмейдi. <*>
      2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорын құрамына әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық-тұрмыс объектiлерi кiргiзiлуi мүмкiн.
      3. Егер осы Жарлықта және сатып алу-сату шартында өзгеше

көзделмеген болса, сатып алушы жекешелендiрiлген кәсiпорынның
азаматтық құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болады.
     Ескерту. 6-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің    
              2000.12.15. N 124 Заңымен.  

Z000124_

 

     7-бап. Жеке жобалар бойынша жекешелендiру
     
     1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн бекiтетiн аса iрi
және бiрегей кәсiпорындар жеке жобалар бойынша жекешелендiрiледi.
     2. Жеке жобаға iс-шаралардың мынадай жоспары кiредi:
     1) объектiнiң қызметi мен бәсекелестiк қабiлетiн жан-жақты
талдау;
     2) оның мүлiктiк кешенiнiң құнын бағалау;
     3) сатылуға жататын акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң мөлшерiн
белгiлеу;
     4) ұсынылып отырған объектiнiң ұйымдық-құрылымдық, технологиялық 
және басқа өзгерiстерiнiң жүйесi;
     5) жекешелендiрудiң түрiн таңдау.
     3. Жеке жобаны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткеннен
кейiн оны өткiзудi сатушы жүзеге асырады.

     8-бап. Кәсiпорын мүлкi жекешелендiру объектiсi ретiнде
     
     1. Кәсiпорын мүлкi мемлекеттiк кәсiпорын таратылған жағдайда
ғана жекешелендiрудiң жеке объектiсi бола алады.


      2. Таратылған кәсiпорынның мүлкi кредит берушiлердiң таратылған кәсiпорынға талап қоюы үшiн заңмен белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн тек қана аукционда сатылады.

      9-бап. Кәсiпорынның бөлiмшелерi мен құрылымдық
             бiрлiктерi жекешелендiру объектiсi ретiнде

      1. Кәсiпорынның құрылымдық бiрлiктерi мен бөлiмшелерiн бөлiп

шығару және оларды жекешелендiрудiң дербес объектiлерi ретiнде сату
туралы шешiм осы Жарлықтың 5-бабында белгiленген тәртiппен және
шарттарда кез-келген уақытта, ал жеке жобалар бойынша
жекешелендiрiлетiн объектiлер жөнiнде Қазақстан Республикасының
Үкiметiмен немесе ол белгiлеген тәртiппен қабылдануы мүмкiн.
     2. Кәсiпорынның бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi
жекешелендiру сәтiне қарай айырым балансы негiзiнде бөлiнiп
шығарылуға тиiс.

     10-бап. Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорындағы
             акциялар мен үлестер жекешелендiру объектiсi ретiнде
     
     1. Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорындағы мемлекеттiң
акциялары мен үлестерiн сату шаруашылық серiктестiк туралы заңдарда
белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.
     2. Эмиссиясы тиiстi тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол
берiлмейдi.

     11-бап. Жекешелендiру және жер пайдалану құқығы
     
     Жылжымайтын мүлiк жекешелендiрiлген кезде сатып алушыға жер
заңдарына сәйкес жер учаскесiне меншiк құқығы көшедi. Жер учаскесiнiң 
құны жекешелендiру объектiсiнiң бағасына кiредi.

              3 ТАРАУ. Жекешелендiрудiң түрлерi
     
     12-бап. Жекешелендiрудiң түрлерi
     
     1. Жекешелендiру мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
     1) сауда-саттықта сату (аукцион, тендер);
     2) тiкелей бәсiрелi сату;


      2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн iс-әрекет (мемлекеттiк кәсiпорынның акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы, мемлекеттiк мүлiктi жалға беру не оны тиiсiнше жалгер не сенiм бiлдiрiлген басқарушы кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала сатылары ретiнде қаралады.

      13-бап. Сауда-саттық түрлерi

      1. Сауда-саттық аукцион немесе тендер түрiнде жүргiзiледi. Аукционда ең жоғары баға ұсынған тұлға сауда-саттықта жеңген болып танылады. Сатушы күнi бұрын тағайындаған конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттар ұсынған тұлға тендердi жеңiп алған болып танылады.
      Аукциондарда ұсыныстар ашық жария етiледi; тендерлерде сатушының қалауы бойынша ұсыныстар ашық немесе жабық конвертте жазбаша берiледi.
      2. Сауда-саттық әдетте ашық болуға тиiс, оны өткiзу тәртiбi осы Жарлықтың 14-бабымен белгiленедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгiне, айналадағы табиғи ортаны қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн. Оны өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Сауда-саттыққа осы Жарлықтың 2-бабының талаптарына жауап беретiн тұлға қатыса алады.
      3. Жекешелендiру объектiсi оны сатып алғысы келген жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтарды қоспағанда, тек бiр ғана қатысушы қатысқан аукциондар мен тендерлер өткiзiлмеген болып танылады.
      4. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн сатып алушы өзi сатып алатын объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзуге хақылы.
      5. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сату жөнiндегi сауда-саттық әдетте қор биржасында өткiзiледi.

      14-бап. Ашық сауда-саттық өткiзу тәртiбi

      1. Сауда-саттық өткiзу туралы сатушы кем дегенде он бес күн бұрын, ал шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорларындағы акциялары мен үлестерi сатылған кезде кемiнде отыз күн бұрын хабарлауға тиiс. Хабар республикалық ресми баспасөзде қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға тиiс. Хабарда сауда-саттықтың уақыты, орны мен түрi, сату объектiсi және өткiзiлу тәртiбi, соның iшiнде сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу, онда жеңiп шыққан тұлғаны анықтаудың шарттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ бастапқы баға мен кепiлдi жарнаның мөлшерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      2. Сатушы тендердiң шарттарын өзгерткен жағдайда ол барлық өзгертулер жайында осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде хабарлама жасауға тиiс.
      Тендердiң шарттарын өзгерту туралы хабарлама жарияланғанға дейiн оған қатысуға өтiнiм берген және осымен байланысты оған қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнасын және шыққан шығыстарының өтелуiн талап етуге хақылы.
      3. Сатушы сауда-саттық өткiзiлуден кемiнде үш күн бұрын еңсерiлмейтiн күш жағдаяттарына қатысты реттердi немесе сатушыға байланысты емес өзге себептердi қоспағанда, сауда-саттыққа қатысуға өтiнiм берген тұлғалар шеккен нақты залалды өтей отырып, одан бас тартуға хақылы.
      4. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмде және тәртiппен кепiлдiк жарнасын төлейдi. Егер сауда-саттық болмай қалса, кепiлдiк жарна қайтарылуға тиiс. Кепiлдiк жарна сауда-саттыққа қатысқан, бiрақ оны жеңбеген адамдарға да қайтарылып берiледi. Сауда-саттық өткiзiлерден кемiнде үш күн бұрын оған қатысудан жазбаша түрде бас тартқан тұлғаларға кепiлдiк жарна қайтарылады.
      Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасасқан кезде ол енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт жөнiндегi мiндеттемелердi орындау есебiне жатқызылады.
      5. Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға мен сатушы аукцион немесе тендер өткiзiлген күнi сауданың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
      6. Сатып алу-сату шартына тараптар сауда-саттық аяқталғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс.
      Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда өзi төлеген кепiлдiк жарнасынан айырылады және кепiлдiк жарнамен өтелмеген бөлiгiнде сатушының нақты зиянын өтеуге мiндеттi.
      Сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлға осы Жарлықтың 2-бабының талаптарына жауап бермейтiн жағдайларда болмаса, сатушының сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға және сауда-саттықта жеңiп шыққан тұлғамен сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтаруға хақы жоқ.
      Сатып алу-сату шартының талаптары сауда-саттық талаптарына қайшы келмеуге тиiс.
      7. Заңда белгiленген ережелер бұзылып өткiзiлген сауда-саттықты сот мүдделi тұлғаның қуынымы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
      Саудаға түскен объект бойынша сауда-саттықтың жарамсыз болып танылуы сатып алу-сату шартының жарамсыз болуына әкелiп соғады.
      8. Мүлiктiң жекелеген түрлерiне ашық сауда-саттық өткiзудiң ерекшелiктерiн сатушы белгiлейдi.
      9. Егер жекешелендiру объектiсi ол белгiленген тәртiппен сатуға берiлгеннен кейiн алты ай iшiнде сатылмаса, сатушы оны соңынан шешiм қабылдау үшiн мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге уәкiлдiк берiлген органға қайтарады.

      15-бап. Тiкелей бәсiрелi сату

      1. Осы Жарлықтың 16-бабында белгiленген тәртiппен, кейiннен сатып алу құқығымен жалға немесе сенiм бiлдiрiлген басқаруға тиiсiнше жалгерге немесе сенiм бiлдiрiлген басқарушыға берiлген объектiлер тiкелей бәсiрелi сатуға жатады.
      Жалгерге және сенiм бiлдiрiлген басқарушыға жекешелендiру объектiлерiн олар тиiстi шартты ойдағыдай орындаған жағдайда ғана сатуға жол берiледi.
      2. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу шарттары, егер олар аренда шартында немесе кәсiпорынды сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру туралы шартта көзделмеген болса, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
      3. Жеке жобалар бойынша жекешелендiру объектiсiн егер объект сауда-саттықта сатылмаған болса, келiсiлген шарттармен белгiлi бiр инвесторға сатуға болады.

      16-бап. Жекешелендiрудiң алдын ала жүргiзiлетiн сатылары

      1. Жекешелендiруге жататын кәсiпорын заңдарда белгiленген тәртiппен алдын ала акционерлiк қоғам болып қайта құрылуы, кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.
      2. Сенiм бiлдiрiлген басқарушы немесе жалгер тендер негiзiнде осы Жарлықтың 13 және 14-баптарына сәйкес таңдап алынады.
      3. Кәсiпорынды сенiм бiлдiрiлген басқаруға немесе жалға беру iсi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органның сенiм бiлдiрiлген басқарушымен немесе жалгермен жасасқан тиiстi шартымен ресiмделедi. Шарт кәсiпорынның қандай мерзiмде және қандай шарттар орындалған кезде сенiм бiлдiрiлген басқарушының немесе жалгердiң меншiгiне көшетiнiн көздеуге тиiс.
      4. Осы Жарлықта көзделген сенiм бiлдiрiлген басқару мен жалдау қатынастарына осы Жарлықта көзделген реттердi қоспағанда, осындай қатынастарды реттеп отыратын азаматтық заң нормалары қолданылады.
      5. Сенiм бiлдiрiлген басқаруға осы Жарлықтың 13 және 14-баптарына сәйкес тендер негiзiнде акциялардың мемлекеттiк пакетi берiлуi мүмкiн.

               4 ТАРАУ. Жекешелендiрудiң тәртiбi мен шарттары

      17-бап. Объектiнi жекешелендiруге дайындау

      1. Объектiнi жекешелендiруге сатушы дайындайды.
      2. Объектiнi жекешелендiруге дайындау кезiнде сатушы:
      1) сатушы әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалайды;
      2) Егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын немесе акциялардың мемлекеттiк пакетi болып табылса, кредиторлық және дебиторлық берешектiң және мүлiк салығының сомасы туралы ақпарат әзiрлейдi және сатып алушының талабы бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорын жасасқан контракттар мен шарттар туралы ақпаратты бередi;
      3) жекешелендiру жүргiзудiң шарттарын, нысандары мен түрлерiн белгiлейдi, оны iске асыруға даярлықты жүзеге асырады;
      4) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      5) жекешелендiрудi өткiзуге қажеттi басқа да iс-шаралар жүргiзедi.
      2-1) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды бұдан кейiнгi жерде орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды; <*>
      Ескерту. 17-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің
               2000.12.15. N 124 Заңымен. Z000124_

      18-бап. Жеке жобалар бойынша объектiлердi жекешелендiру
              кезiнде экологиялық талаптарды ескеру

      1. Сатушы сатып алушыға жеке жоба бойынша жекешелендiру объектiсiнiң экологиялық жай-күйi туралы ақпарат беруге мiндеттi.
      2. Сатып алушы объектiнiң экологиялық жай-күйiн тексеруге хақылы.

      19-бап. Есеп айырысу тәртiбi

      1. Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi.
      2. Сатып алынған объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
      3. Ақының мерзiмi ұзартылып төленуiне ықтимал ұзартылып төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушыларға күнi бұрын хабарланған жағдайда ғана жол берiледi.
      4. Жекешелендiрiлетiн объектiнi ақы төлеу мерзiмi ұзартылып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес процентiнен кем болмайды, ал ақы төлеудi ұзарту уақыты үш жылдан аспауға тиiс.
      Қалған сомаларды төлеген кезде ақша мiндеттемесiн орындау ережесi қолданылады.
      Ақы төлеу мерзiмi ұзартылып сату кезiнде төленбеген сомаларға тараптардың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде процент есептеледi.
      5. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзге жолы көзделмеген болса, сатып алушының сатып алған мүлiкке сатушының кепiл алу құқығы төлемдердiң уақтылы өтелуiнiң қамтамасыз етiлуi болады.

      20-бап. Жекешелендіруден алынған қаражат <*>

      1. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражат мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
      Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртiбi өзге заң актiлерiмен белгiленедi. <*>
      2. Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру бойынша сауда-саттыққа дайындық және оны жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
               Президентінің 1999.11.04. N 472 Заңымен. Z990472_
      Ескерту. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің
               2000.12.15. N 124 Заңымен. Z000124_

      21-бап. Меншiк құқығының өзгеруiн ресiмдеу

      Жекешелендiрiлетiн объектiге меншiк құқығын өзгертудi ресiмдеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      22-бап. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау

      1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты талаптарының тиiсiнше орындалуын соңынан сатушы бақылап отырады.
      2. Егер де шарттарды сатып алушылар белгiлi бiр уақыт аралығында (инвестициялық бағдарламаларды iске асыру мерзiмiнде, өндiрiстiң бейiмiн немесе көлемiн сақтау мерзiмiнде және т.б.) орындауға тиiс болса, шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушылардың оларды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiледi.
      Бақылауды жүзеге асыру үшiн сатушы сатып алу-сату шартын орындауға байланысты құжаттармен танысуға хақылы.

      23-бап. Жекешелендiрiлген кәсiпорын иесiнiң айналадағы
              табиғи ортаға келтiрген нұқсан үшiн жауапкершiлiгi

      1. Жекешелендiрудiң алдындағы шаруашылық қызмет салдарынан айналадағы табиғи ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген нұқсан үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бұрынғы иесi - мемлекет жауап бередi.
      2. Айналадағы табиғи ортаға келтiрiлген нұқсанды бөлу,

сондай-ақ экологиялық тәуекелдi жаңа меншiк иесiне аудару оның
келiсiмiмен ғана болуы мүмкiн.
     3. Айналадағы ортаға жаңа меншiк иесiнiң шаруашылық қызметi
келтiрген нұқсан үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттеледi.

     24-бап. Дауларды шешу тәртiбi

     Жекешелендiру барысында туындайтын даулар сотпен шешiледi.

     25-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану
     
     1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың
жарамсыз деп тануына мыналар негiз болады:
     1) объектiнi сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату;
     2) сатып алушыға заңсыз жеңiлдiктер мен басымдықтар беру;
     3) сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн елеулi түрде бұзу;
     4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
негiздер.


      2. Жекешелендiру объектiсiн сатып алушы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғанға дейiн оқшаулаған жағдайда оны сатып алушыдан талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 260-262-баптарында көзделген ережелер бойынша мүмкiн болады.
      3. Егер шарттағы тарап қуыным жасаған болса, сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша қуынымның ескiру мерзiмi, оған қол қойылған күннен бастап алты ай болады. Басқа мүдделi тұлғалар не прокурор қуыным жасаған жағдайда даулар бойынша қуынымның ескiру мерзiмi шартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын жағдаяттар туралы қуыным жасаушы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап алты ай болады, бiрақ бұл шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмеуге тиiс.

     26-бап. Сатып алу-сату шартын бұзу
     
     1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер мен тәртiп
бойынша бұзылуы мүмкiн.
     2. Сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда тараптардың шарт
бұзылған кезге дейiн мiндеттемелер бойынша өздерi атқарған нәрсенi
қайтып алуына және кiнәлi тараптың шыққан шығынды өтеуiне әкелiп
соғады.

              5 ТАРАУ. Қорытынды және өтпелi ережелер
     
     27-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы
     
     1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.


      2. Осы Жарлық күшiне енгеннен кейiн, яғни 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.
      3. Осы Жарлықта көзделген қуынымның ескiруiнiң жаңа мерзiмi 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн туындаған жағдайлар негiз болған дауларға қолданылады.
      4. Осы Жарлық күшiне енгенге дейiн жалға берiлген объектiлердi олардың жалгерлерi жалға беру шартын кемiнде екi жыл бойы тиiсiнше орындаған жағдайда сатып алуы мүмкiн.
      5. Осы Жарлықтың күшi осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалгердiң не сенiм бiлдiрiлген басқарушының кәсiпорынды кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға беру немесе сенiм бiлдiрiлген басқару қатынастарына қолданылмайды.
      6. Осы Жарлық күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi

жойылған деп танылсын:
     1) "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" 1991
жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 27, 349-құжат; Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 113-құжат;
1993 ж., N 9, 218-құжат ; 1995 ж., N 1-2, 20-құжат);
     2) "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" 1991
жылғы 22 маусымдағы Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақ ССР 
Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 
1991 ж., N 27, 350-құжат).

     28-бап. Осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi шаралар
     
     Қазақстан Республикасының Үкiметi:
     1. 1996 жылғы 1 наурызға дейiн:
     жеке жоба бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың Тiзбесiн;
     жабық тендерлер өткiзу Тәртiбiн;
     жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалауды реттейтiн
нормативтiк құқықтық актiнi бекiтетiн болсын.
     2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа
сәйкес келтiрсiн.
     3. Министрлiктердiң, ведомстволар мен мемлекеттiк комитеттердiң
осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын
қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Нарбаев Е.Ә.