Мұнай туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар мен терминдер

      Осы Жарлықта:
      "Блок" дегенiмiз - Қазақстан Республикасында толық немесе iшiнара орналасқан және арнайы жасалған блоктар картасында Блок ретiнде көрсетiлген құрлықтағы және судағы кез келген аумақ.
      "Iшкi су тоғандары" дегенiмiз - көлдер, жасанды су қоймалары мен басқа да жер бетiндегi су ресурстары.
      "Өндiру"  дегенiмiз - жер бетiне Мұнай шығарумен байланысты кез келген операциялар және бұлар соның iшiнде:
      жер астындағы және жер үстiндегi өнеркәсiптiк жабдықтар мен ғимараттарды салуды әрi пайдалануды;
      жер бетiне Мұнай шығаруды, пайдаланылатын скважиналарда жұмыс процесiн ұйымдастыру мен демеп отыруды;
      Мұнайды өңдеу мен тазартуды;
      Мұнайдан Iлеспе құраластар алуды, сондай-ақ Табиғи және Мұнай газын кәдеге жарату мен сұйылтуды қамтиды.
      "Құзырлы орган" дегенiмiз - Қазақстан Республикасының Үкiметi Контрактiлер жасасумен тiкелей байланысты құқықтар беретiн мемлекеттiк орган.
      "Контракт" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзуге Мердiгер мен Құзырлы орган арасындағы шарт.
      "Контракт аумағы" дегенiмiз - Мердiгер Контрактiге сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы Геологиялық және (немесе) Тау-кендiк бөлумен айқындалған аумақ.
      "Коммерциялық табу" дегенiмiз - Контрактi аумағынан игеру үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше Кен орындарын табу.
      "Теңiз"  дегенiмiз - судың бетi мен қалың қабаты, Қазақстан Республикасының шегiнде оның өн бойының жағалау ернеуiнен басталып, Қазақстан Республикасы мен Жағалаудағы мемлекеттер арасындағы келiсiмдер негiзiнде белгiленген оның сыртқы теңiз шекарасына дейiн созылатын Каспий мен Арал теңiздерi (көлдерi) түбiндегi табанының үстiңгi бетi.
      "Теңiз ғылыми зерттеулерi" дегенiмiз - Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары.
      "Кен орны"  дегенiмiз - кез келген үлгiдегi геологиялық резервуарда көмiр сутегiнiң бiр немесе бiрнеше мәрте табиғи түрде жинақталуы.
      "Арналы труба құбыры" дегенiмiз - желiлiк бөлiк пен соған қатысы бар жер бетiндегi объектiлерден, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын, Мұнайды Өндiру (ұқсату) орнынан көлiктiң басқа түрiне қотаратын орынға дейiн тасымалдауға, ұқсатуға немесе тұтынуға арналған инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн труба құбыры арналы труба құбырына жатпайды.
      "Мұнай операциялары" дегенiмiз - құрлықта өзендер, көлдер және өзге де iшкi су қоймаларының шектерiнде жүргізiлетiн Барлау, Өндiру, Мұнай жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу және оларды пайдалану Мұнай-газ құбырларын салу және оларды пайдалану жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ Теңiздегi мұнай операциялары;
      "Мердiгер" дегенiмiз - Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Мұнай операцияларын жүргiзуге Контракт жасасқан жеке немесе заңды тұлғалар.
      "Кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесi" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттiлiк ретiнде топтастырылатын Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы қабылданған әлемдiк практикасы.
      "Мұнай кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесi"
дегенiмiз - әлем елдерiнде Мұнайды Барлау және Өндiру iсiмен шұғылданатын адамдардың Мұнай операцияларын орындау кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибе ретiнде әдеттегiдей қолданатын тәжiрибе.
      "Мұнайдағы iлеспе құраластар" дегенiмiз - Мұнайда және Кен орны қабаттарының суында болатын алуан тектес металды және басқа да қосындылар.
      "Қолданылатын құқық" дегенiмiз - егер бұл заң актiлерiнде тiкелей көзделсе немесе егер Контракт шарттарында Қолданылатын құқық белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының құқығы. Басқа реттерде Контракт шарттарына байланысты Қолданыс құқығы ретiнде Қазақстан Республикасының құқығы немесе басқа елдiң құқығы пайдаланылуы мүмкiн.
      "Табиғи газ" дегенiмiз - қою газды, құрғақ газды, iлеспе газды, сұйық көмiр сутегiлерiн қою газдан айырудан немесе бөлуден кейiн қалып қойған сұйық немесе газ тектес көмiр сутегiлерiмен бiрге шығарылған көмiр сутегi емес газды қосқанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде газ тектес сатысында болатын көмiр сутегiлерi.
      "Барлау" дегенiмiз - Мұнайды iздестiрумен және Барлаумен байланысты кез келген операциялар және бұлар:
      геологиялық-геофизикалық зерттеулердi;
      құрылымдық бұрғылауды;
      iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауды, сондай-ақ Барлауға алынған Кен орындарындағы өнеркәсiптiк тәжiрибе жұмыстарын қамтиды.
      "Шикi мұнай" дегенiмiз - табиғи сұйылту жолымен Табиғи газдан пайда болған сұйық өнiм немесе конденсат деген атаумен белгiлi сұйық көмiр сутегiлерiн қосқанда, олардың үлес салмағына қарамастан қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын кез келген көмiр сутегiлерi.
      "Жағалау сызығы" - су айдынының ең көп мөлшерде көтерiлуi (судың толығуы) нәтижесiнде пайда болған жағалау сызығы. Нақты жағалаулық сызықты Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      "Теңiздiң ластануы" - теңiз аясына материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң келiп түсуi, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жанды ресурстарға және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi кедергiлер тудыратын сәулелер мен өрiстердiң түрлi үлгiлерiнiң пайда болуы.
      "Теңiз құрылыстары" дегенiмiз - Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, қозғалмайтын және жүзбелi жабдықты қоса алғанда, теңiздегi кез келген жасанды құрылыстар.
      "Теңiз қорғаныштық аймақтары" немесе "қауiпсiздiк аймағы"  дегенiмiз - адамдардың, теңiздiң жанды ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ кеме қатынасының, балық аулау шаруашылығының және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес теңiзде жүзеге асырылатын басқа да заңды қызметтің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалатын Теңiз құрылыстарының төңiрегiнде белгiленетiн аймақ.
      "Теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ең үздiк тәжiрибе" дегенiмiз - теңiздiң Ластануының барынша төмен деңгейiн жасайтын не теңiздiң Ластануын толық болдырмайтын, теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық практикасы.
      "Мұнайгаз құбырлары" дегенiмiз - Мұнайды тасымалдауға арналған труба құбырлары, оның iшiнде Арналы труба құбырлары, жинау коллекторының режимiнде жұмыс iстейтiн труба құбырлары, сондай-ақ труба құбырлары жүйесi арқылы не оны бақылау жүйесiнiң жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазалау, айыру және сұйылту жөнiндегi жабдық пен тетiктер, бақылау және оқшаулар жүйесi, электр химиялық қорғаныс жүйесi және осындай труба құбырларына қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдық.
      "Теңiз мұнай операциялары" дегенiмiз - Барлау, Өндiру, сондай-ақ Теңiзде жүзеге асырылатын Мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану.
      "Шекара маңындағы кен орны" дегенiмiз - Қазақстан Республикасы аумағының немесе бөлiгi басқа шектес немесе қарсы жатқан мемлекеттiң заңды құзыретiндегi аумақта орналасқан теңiздiң шектерiндегi кен орны.
      "Сақтық аймағы" дегенiмiз - теңiздiң жағалау сызығынан Қазақстан Республикасының аумағындағы құрлық жағына қарай 5 километрге созылып жатқан аймақ.
      "Мұнайгаз құбырларын салу және пайдалану" дегенiмiз -
құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және өзге де iшкi су тоғандарында Мұнайгаз құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыс (операция).
      "Мұнайдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу және оларды пайдалану" дегенiмiз - мұнай мен газдың жерасты сақтау қоймалары мен резервуарларын салу мен пайдалануға байланысты кез келген жұмыс.
      "Ұлттық компания" дегенiмiз - акцияларының жүз процентi мемлекетке тиесiлi, Қазақстан Республикасында тiкелей, сондай-ақ Контрактiлерге үлестiк қатысуы арқылы Мұнай операцияларын басқару үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен құрылған жабық акционерлiк қоғам.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 заңымен.

      2-бап. Жарлықты қолдану саласы

      1. Осы Жарлық Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның iшiнде Теңiздегi және Iшкi су тоғандарындағы аумақта Мұнай операцияларын жүргiзген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен ұштастырылып қолданылады.
      3. Осы Жарлық пен Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерi арасында Мұнай операцияларын реттеуге қатысты қайшылықтар болған жағдайда осы Жарлықтың нормалары қолданылады.
      4. Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартпен осы Жарлықта баяндалғаннан өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      5. Осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған Контрактiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының соларға байланысты барлық актiлерi өз күшiн сақтайды.
      5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 заңымен.

      3-бап. Мұнайға меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы табиғи жайылған Мұнайдың бәрi де тек қана Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
      2. Жер бетiне шығарылған Мұнайдың меншiк иесi Контрактiмен айқындалады.
      Жер бетiне шығарылған Мұнайға иелiк ету құқығы, егер Контрактiде өзгеше көзделмеген болса, меншiк иесiне берiледi.
      3. Сақтау үшiн жер қойнауына қайтарылған Мұнай жер бетiне шығарылған Мұнай ретiнде қарастырылады және оның меншiк иесi Контарктiмен айқындалады.

      4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы

      Барлық мүдделi адамдар Лицензиялық органда мыналармен:
      1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын (тендерiн) өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
      2) тараптар құпия деп таныған баптарын қоспағанда, Лицензия мен Контрактiнiң мазмұнымен;
      3) Контрактi аумағының картасымен және Блоктарымен танысуға құқылы.

2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының Мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыры

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Мұнай ресурстарын пайдаланудың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi;
      2) жер қойнауын пайдалану мен оны қорғау ережелерiн, мұнай мен газ Кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi;
      3) Мұнай қорларының республикалық балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (Блоктарының) зерттеуiне мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады;
      4) Мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      5) ұлттық қауiпсiздiктi, айналадағы табиғи ортаны қорғауды, халықтың қауiпсiздiгiн және болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайдалануға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ Кен орындарын игерудi тоқтатады;
      6) баға саясатын белгiлейдi;
      7) <*>
      8) <*>
      9) Мұнай операциялары саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      9-1) жыл сайын Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 заңымен.

      6-бап. Құзырлы органның функциялары

      1. Құзырлы органның функцияларына:
      1) Контрактiнiң шарттары туралы Мердiгермен келiссөздер жүргiзу және Мердiгермен бiрлесе отырып Контрактiнiң жобасын әзiрлеу;
      2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына тәуелсiз сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      3) Контрактiге қол қою;
      4) <*>
      5) <*>
      6) Контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру;
      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Контрактiнi орындау, Мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайдалану, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу енедi.
      7-1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын дайындау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады және Барлауға, Өндiруге, бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге келiссөздер жүргiзедi;
      7-2) осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 14 және 15-баптарына сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;
      7-3) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен және Ұлттық компаниямен бiрлесiп Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контракт шарттарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
      2. Құзырлы орган:
      1) Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге;
      2) Кен орнының қорларын мемлекеттiк органның сараптау бағасынан кейiн ғана Өндiруге Контрактiлер жасасуға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 заңымен.

      7-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың
             құзыры

      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
      1) Контракт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес Мердiгерге жер бөлiгiн бередi;
      2) аймақтың экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып өз аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады;
      3) өздерiне заң актiлерiмен берiлген құзыры шегiнде Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, экологиялық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады;
      4) халық әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн Мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады.

      7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi

      Ұлттық компанияның мiндеттерi:
      1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Контрактiде мiндеттi үлестiк қатысу арқылы мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлермен жасалған Контрактілерде мемлекеттiк мүдденi бiлдiру;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, Мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу;
      4) Мұнай операцияларымен байланысты жаңа жобаларды әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 заңымен.

3-тарау.<*>

      ЕСКЕРТУ. 3-тарау және 8-14-баптар алып тасталды және жаңа 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан  Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге
арналған құқық

      8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың
               пайда болуы

      1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық:
      1) Осы Жарлыққа сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
      2) Осы Жарлықпен белгiленген шектерде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
      3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады.
      2. Жер қойнауын пайдалану Құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Жарлықпен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады.

      8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған
               құқықты беру

      1. Мұнай операцияларын жүргiзу құқығы конкурссыз негiзде басым тәртiппен Ұлттық компанияға берiледi, ал өзге жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiппен Контракт жасасу жолымен конкурс өткiзу нәтижелерi негiзiнде берiледi.
      2. Жерасты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тiкелей келiссөздер жүргiзудiң негiзiнде берiледi.
      3. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға арналған құқық тиiстi мемлекеттiк органның рұқсаты арқылы берiледi.
      4. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) тиiстi рұқсаты арқылы берiледi.

      8-3. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған
           құқықтарды беру

      1. Барлау, Өндiру, бiрлесiп Барлау жүргiзу мен Өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен Мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге Контарктiге тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiпте жол берiледi.
      2. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi.

4-тарау.<*>

      ЕСКЕРТУ. 4-тарау және 15-24-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

5-тарау. Контрактiлер

      25-бап. Контрактiлердiң түрлерi

      1. Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн Контрактiлердiң мынадай түрлерi:
      1) Барлау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
      2) Барлау және Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған Контракт;
      3) өнiмдi бөлу туралы Контракт;
      4) Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы Контракт;
      5) жерасты қоймаларын және Мұнай резервуарларын Салуға және (немесе) пайдалануға арналған Контракт қолданылады.
      2. Нақты Мұнай операцияларының шарттарына және басқа жағдайларға қарай Контрактiлердiң құрастырылған және өзге де нысандарына рұқсат етiледi.
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      26-бап. Контрактiнiң қолданылу шарты мен мерзiмi

      1. Барлауға арналған Контракт алты жыл мерзiмге жасалады. Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Контрактiде және тиiстi жұмыс бағдарламаларында айқындалған мiндеттемелердi Мердiгер орындаған жағдайда ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi екi жылға дейiн ұзақтықпен екi рет ұзартылуы мүмкiн. Мұнай табылған жағдайда Мердiгердiң Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн Коммерциялық табуды бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар.
      2. Өндiруге арналған Контракт 25 жылға жасалады. Кен орындарында қоры 100 миллион тоннадан асатын Шикi мұнайды және (немесе) 100 миллиард текше метрден асатын Табиғи газды алуға арналған Өндiру Контрактiсi 40 жылға дейiн мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi, егер Мердiгер мерзiмдi ұзартуға Контрактiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 12 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаған болса, Мердiгер мен Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өзара келiсiмi бойынша Өндiруге арналған Контрактiнiң мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
      3. Бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған Контракт ұзартудың мүмкiн мерзiмдерi ескерiле отырып, Барлау мен Өндiру мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1-тармағымен белгiленген ережелер қолданылады.
      4. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) келiп түскен күннен бастап 3 айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) оң шешiм қабылдаған жағдайда Контрактiге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
      5. Контракт шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуi тиiс. Контракт жасау кезiнде Контрактiнiң қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн шарттары Контракт жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
      6. Контракт шарттары тараптардың өзара келiсiмiмен Үлгiлiк контрактiнiң ережелерi ескерiле отырып айқындалады.
      7. Контракт тараптарының арасында мiндеттi түрде келiсуге жататын Контракт шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      26-1-бап. Контрактiнiң қолданылуының аумақтық аясы

      1. Қазақстан Республикасының аумағы, Блоктардың шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасымен түйісетін жағдайларды қоспағанда, тiк бұрыш нысанындағы Блоктарға бөлiнедi. Әрбiр блогының өзiнiң реттiк нөмiрi және географиялық координаттары бар Блоктардың картасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Контракт аумағы өзiне бiр Блокты немесе бiр-бiрiмен аралас, сондай-ақ бөлек-бөлек Блоктар жүйесiн қамтиды. Контракт аумағы ретiнде бөлiнетiн Блок (Блоктар) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн). Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру кезiнде Контракт аумағы оның шекараларының географиялық координаттары көрсетiле отырып, Контрактiде көрсетiлген қызметке рұқсат етiлетiн шектердегi теңiз табанының алаңымен айқындалады.
      3. Егер Мұнай операцияларының процесiнде Кен орындары жерлерiнiң географиялық шекаралары Контракт аумағының шегiнен шығып кеткендiгi анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) қосымша шешуi тиiс.
      4. Контракт аумағын қайтарудың тәртiбi Контрактiде айқындалады.
      5. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару Контракт аумағынан қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, Геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады. Аумақтарды қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық бөлудi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган дайындайды және бередi.
     ЕСКЕРТУ. Жаңа 26-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      27-бап. Контрактiлердi жасау мен тiркеу тәртiбi

      1. Контрактiге қол қойылғанға дейiн ол мiндеттi түрде денсаулық сақтау, экология, жер қойнауын қорғау мен тау-кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу ережелерi мәселелерiмен шұғылданатын мемлекеттiк органдармен келiсiледi. Келiсу мерзiмi тиiстi органның контрактiлiк құжаттарды алған күнiнен бастап 15 күннен аспауға тиiс.
      2. Контрактi оған қол қойылғанға дейiн мiндеттi түрде экономикалық және құқықтық сараптамалардан өткiзiлуге жатады. Сараптамадан өткiзу мерзiмi контрактiлiк құжаттар сараптамаға ұсынылған күннен бастап 30 күннен аспауға тиiс.
      3. <*>
      4. Контрактiлер жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

     28-бап.<*>
     ЕСКЕРТУ. 28-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      28-1-бап. Мұнай операцияларын тоқтата тұру, Контрактiнi
                тоқтату және оны жарамсыз деп тану

      Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контрактiлерге Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығымен белгiленген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi Операцияларды тоқтата тұрудың, Контрактiнi тоқтатудың және жарамсыз деп танудың ережелерi мен тәртiбi қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 28-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен .

      29-бап. Контрактiнi өзгерту және оның қолданылуын
              тоқтату

      1. Мердiгер мен Құзырлы органның жазбаша келiсiмi болған жағдайда ғана Контрактi шарттарына өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн.
      2. Мердiгер мен Құзырлы орган Контрактiде көзделген негiздер бойынша және тәртiппен ғана Контрактiнiң қолданылуын тоқтата алады. Контрактiнiң қолданылуын тоқтату туралы хабарлама табыс етiлген кезге дейiн атқарылмай қалған ағымдағы мiндеттемелерiн орындаудан Тараптар босатылмайды.
      3. Егер Контрактiде өзгеше көзделмесе, Контрактi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Мердiгер өз меншiгiндегi мүлкiне дербес иелiк етуге құқылы. Бұл орайда аталған мүлiктi сатып алуға Құзырлы басымдық органның құқығы бар. Контрактi қолданылатын кезеңде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн Мердiгерге тиесiлi мүлiктi меншiктену құқығының ауысуы мәселелерi Контрактiде айтылады. Мердiгер Контрактi аумағын тау-кен және санитариялық  қадағалау, жер қойнауы мен айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы белгiленген тәртiппен бекiтiлген талаптарға сай келетiн күйiнде қалдыруға мiндеттi.
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу

      30-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттары

      1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы Мердiгер Мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ Контрактiде айқындалған тәртiп пен шарттарда жүргiзуге мiндеттi. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер мемлекеттiк органдардың осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес олардың өз құзыретi шегiнде берген талаптарын сақтауға және атқаруға мiндеттi.
      2. Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгер Барлау мен Өндiру жөнiндегi операцияларды жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
      3. Мердiгер Барлау мен Өндiру бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ жүргiзiлетiн Барлау мен Өндiру процесiнде Кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Барлауды жүзеге асыратын Мердiгердiң Кен орны қорларын байқау үшiн пайдалану жүргiзуге, егер ол жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсiлген жобада немесе жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
      5. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ Мұнайдың алыну деңгейi Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органы жүргiзетiн мемлекеттiк сараптауға және бекiтуге жатады.
      ЕСКЕРТУ. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-1-бап. Ең аз жұмыс бағдарламасы, жұмыс бағдарламасы
                және жылдық жұмыс бағдарламасы

      1. Барлау жөнiндегi ең аз жұмыс бағдарламасы Мердiгердiң Контракт аумағындағы бүкiл барлау кезеңi iшiнде Барлау жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн айқындайды. Ең аз жұмыс бағдарламасы Мердiгердiң iздестiру және барлау скважиналарының белгiлi бiр ең аз санының бұрғылау жөнiндегi мiндеттемелерiн, сондай-ақ бүкiл Контракт аумағы үшiн не алаңның бiрлiгiне белгiленетiн не жүргiзiлген Барлаудың нәтижесiнде жүзеге асырылатын Барлау бойынша ең аз шығыстарын қамтиды. Ең аз жұмыс бағдарламасы сондай-ақ Мердiгердiң Контракт аумағының шектерiнде геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзу жөнiндегi мiндеттерiн айқындай алады.
      2. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Мердiгердi, егер Мердiгер, орындау, конкурста қабылданған жағдайларды қоспағанда, Мердiгерге қатысы жоқ белгiлi бiр мән-жайлардың болуына байланысты оның орындалуы ақылға сыйымды еместiгiн дәлелдеген жағдайда, ең аз жұмыс бағдарламасының кез келген бөлiгiн орындаудан босатуға құқылы.
      3. Жұмыс бағдарламасы Контрактiге қосымша болып табылады және Контрактiнiң қолданылуының бүкiл кезеңi iшiнде Барлау жүргiзудiң және (немесе) Өндiрудiң шарттарын айқындайды.
      4. Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасы Контракт айқындайтын тәртiп пен мерзiмде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, жылдық жұмыс жоспары әрбiр күнтiзбелiк жылдың Контракт жасалған айынан кейiнгi айының 30-нан кешiктiрiлмей бекiтiлуi тиiс. Жылдық жұмыс жоспарына Барлау мен Өндiру бағдарламалары кiредi, жүргiзiлетiн iс-шаралар мен жұмыстарды Барлау мен Өндiру процесiнде Мердiгер жүзеге асыратын осындай жұмыстарды орындау мен қажеттi жабдықты сатып алуға байланысты шығыстарды егжей-тегжейлi айқындайды, сондай-ақ осы жұмыс бағдарламасы бекiтiлетiн күнтiзбелiк жылдағы Өндiрудiң ең төмен және ең жоғары деңгейлерiн белгiлейдi.
      5. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Мердiгер табыс еткен бекiтiлген жылдық жұмыс бағдарламалары мен есептерiнiң көшiрмелерiн осындай бағдарламалар мен есептер бекiтiлген күннен бастап екi апта мерзiмде бередi.
      6. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Мердiгерден өзiнiң бастамашылығы бойынша не жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның қорытындысының негiзiнде, жылдық бағдарламасының жобасы Кен орындарын игерудiң оң практикасына сәйкес келмейдi не Жер қойнауын пайдалану принциптерiн бұзуға әкеп соғады не адамдардың өмiрi мен денсаулығы не табиғи орта үшiн қолайсыз зардаптардың тәуекелiн негiзсiз өсiруге байланысты деген талаппен жылдық жұмыс бағдарламасының жобасын өзгертудi талап етуге құқылы. Егер Мердiгер Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) талаптарымен келiспесе, ал Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өзiнiң талаптарын қайтарып алуға келiспесе, Мердiгер дауды осы Жарлықтың 58-бабына сәйкес шешудi талап етуге құқылы.
      7. Жылдық жұмыс бағдарламасына Мердiгер ұсынған кез келген өзгерiс жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде
                авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды
                болдырмау жөнiндегi iс-шаралар

      1. Мұнай операцияларын осы Жарлыққа сәйкес жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде Кен орындарын игерудiң Оң практикасын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа ала отырып адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ меншiктi жоюға қатер тудыратын авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
      2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және оны жылдық жұмыс бағдарламасымен бiрге Барлау жүргiзу мен Өндiру кезiнде не жыл сайын, Мұнайгаз құбырларының Құрылысын Салу және оны пайдалану кезiнде, сондай-ақ Мұнайдың жер асты сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуда және оны пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органда бекiтуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-3-бап. Кен орнын бағалау

      1. Егер Барлау жүргiзушi Мердiгер кен орнын ашқан жағдайда осы Мердiгер бұл туралы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға хабарлауға, Кен орнын бағалау жүргiзуге және Контрактіде белгiленген тәртiп пен шарттарда оның коммерциялық немесе коммерциялық емес мәнi туралы қорытынды әзiрлеуге мiндеттi.
      2. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, Мердiгер Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға Кен орнының ашылуы туралы осындай ашылу кезiнен бастап 30 күннiң iшiнде хабарлауға және Кен орнын алдын ала бағалау жүргiзуге кiрiсуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-4-бап. Табиғи газды Барлау және Өндiру

      1. Табиғи газды Коммерциялық табу жағдайында Мердiгер кен орнына Өндiрудiң басталуы қандай деңгейдi талап етсе, сондай шамада, Контрактiде өзгеше белгiленбеген жағдайда, дереу Барлауға кiрiсуге және оны жүзеге асыруға мiндеттi.
      2. Табылған Кен орнынан табиғи газды беру бойынша мәмiле жасалғанға дейiн Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Табиғи газды Өндiрудi талап етуге құқығы жоқ, ал Мердiгер бастауға мiндеттi емес. Бұл ретте Контрактiнiң қолданылу мерзiмi Табиғи газ табылған кен орнынан, егер Контрактiде өзгеше көзделмесе, Табиғи газды беру бойынша тиiстi мәмiлелер жасау кезiне дейiн үзiледi.
      3. Егер Мердiгер Табиғи газды беру бойынша бiр жыл iшiнде мәмiлелер жасамаған болса, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) үшiншi тұлғаның Мердiгермен мәмiле жасауға келiсуi жағдайында Мердiгерден ақылға сыйымды жағдайда үшiншi тұлғамен, оның iшiнде берiлетiн газды кейiн қайта сату мақсатында отандық не шетелдiк тұтынушыларға газды беру жөнiнде шарт жасауын талап етуге құқылы.
      Егер Мердiгер және Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) белгiлеген мұндай үшiншi тұлға осы мәселе бойынша келiсiмге келе алмайтын болса, олар бұл дауды сот тәртiбiмен шешудi талап етуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-5-бап. Барлау және Өндiру кезiнде iлеспе және
               (немесе) Табиғи газды жағу

      1. Барлау мен Өндiрудi бастау үшiн, жабдықтардың монтажы үшiн не Барлау мен Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгi мақсатымен осындай жағу жағдайларын қоспағанда, Iлеспе және (немесе) Табиғи газды алуда және өзге тәсiлмен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның жазбаша рұқсаты болмайынша жағуға тыйым салынады.
      2. Iлеспе немесе Табиғи газ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз жағылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес Мердiгер жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға мұндай жағу туралы 10 күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлама iлеспе немесе Табиғи газды жағудың себептерi және жағылған газдың көлемi жөнiнде мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган Мердiгердiң өтiнiшiнiң және тиiстi сараптау қорытындысының негiзiнде iлеспе немесе Табиғи газды осы баптың 1-тармағына сәйкес жағылатын көлемнен артық жағуға қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған кезiнде, iлеспе немесе Табиғи газды кәдеге жарату не кейiн тасымалдау үшiн сұйылту мүмкiн болмайтын не экономикалық жағынан тиiмсiз болған жағдайда жазбаша рұқсат беруге құқылы.
      4. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде, егер мұндай жағу адамдардың өмiрi мен денсаулығы немесе қоршаған орта үшiн қауiп тудыратын болса, iлеспе немесе Табиғи газды жағуға кез келген жағдайда рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-6-бап. Мердiгердiң Барлау жүргiзу мен Өндiру
                нәтижесiнде орын алған шығыстарын өтеу

      1. Мердiгердiң Барлау мен Өндiру процесiнде шеккен шығындары Контрактiде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтелуге тиiс.
      2. Егер Контрактпен өзгеше белгiленбесе, Мердiгердiң Барлау процесiнде шеккен шығындарын өтеу Өндiру басталғаннан кейiн ғана Мердiгерге меншiгiне шығындарды өтеу үшiн өндiрiлетiн Мұнайдың үлесiн беру есебiнен жүргiзiледi.
      3. Егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, Мердiгер өндiрiлген Мұнайдың 50 процентi құнынан аспайтын көлемде өзiнiң шығыстарын күнтiзбелiк жылда өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте шығындарды өтеуге бөлiнетiн Мұнайдың құны салық заңдарымен белгiленген амортизациялық аударымдардың ставкасынан аспайды. Күнтiзбелiк жылда өтелмеген шығындар өтеу үшiн келесi күнтiзбелiк жылға ауыстырылады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-7-бап. Мердiгердiң жабдық пен өзге мүлiкке меншiгi

      1. Барлау жүргiзу мен Өндiру үшiн Мердiгер пайдаланған жабдық пен өзге мүлiкке, ақшаны, бағалы қағаздар мен басқа да өндiрiстiк емес мүлiктi қоспағанда меншiк құқығының көшу, сондай-ақ мұндай көшудiң өтем мәселелерi Контрактiде белгiленедi.
      2. Жабдық пен мүлiкке меншiк құқығының Қазақстан Республикасына көшуiне қарамастан, Контракт аумағынан мұндай жабдық пен мүлiктi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) талап етуi бойынша Контрактiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде сондай-ақ мұндай жабдықтың немесе мүлiктiң басқа жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жағдайларын қоспағанда, Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) нұсқауына сәйкес, не Контрактiде өзгеше белгiленген кезде, Контрактiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезден бастап бiр жылдың iшiнде мұндай мүлiк пен жабдықты Контракт аумағында өзiнiң есебiнен бөлшектеу не әкету мiндеттiлiгi Мердiгерде сақталады.
      3. Мұндай жабдық пен мүлiктiң тиесiлiлiгiне қарамастан Контракт аумағынан жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеу мен әкетудi Мердiгер адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) нұсқауларына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-8-бап. Шекара маңындағы кен орындарында Барлау мен
                Өндiрудiң ерекшелiгi

      1. Егер жүргiзiлетiн Барлаудың немесе Өндiрудiң нәтижесiнде Мердiгер Кен орны Шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда мұндай Мердiгер бұл туралы Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) дереу хабарлауға мiндеттi.
      2. Аумағында не құқықтық құзыретiнде осы Шекара маңындағы кен орнының бiр бөлiгi бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық келiсiмдерi болмаған жағдайда, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) Шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиiстi келiсiмге қол жеткiзгенге дейiн Барлау мен Өндiрудi тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте Контракт Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) жүргiзiлген Барлау мен Өндiрудi қайта бастауға рұқсат бергенге дейiн өзiнiң қолданылуын үзген болып есептеледi.
      3. Осы Жарлықтың және Қазақстан Республикасының Жер қойнауы туралы заңдарының нормалары Шекара маңындағы кен орнында Барлау мен Өндiру жөнiндегi қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-9-бап. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай
                операцияларын жүргiзу

      1. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер осы Мұнай операцияларын теңiз суының деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң Ластануын болдырмайтындай не барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.
      2. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер Мұнай операцияларын жүргiзудің және теңiз суының деңгейi көтерiлуiнің нәтижесiнде теңiз Ластанған жағдайда қоршаған ортаға не басқа жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiкте болады.
      3. Сақтық аймағының шектерiнде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiздiң Ластануын болдырмау жөнiнде арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Жарлықтың 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi.
      Мұндай бағдарламалар теңiз аясын қорғаудың тиiстi дәрежесiмен Барлау және Өндiру объектiлерiн жедел консервациялау бағдарламасын, су басқан аймақтан сақталған Мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерiтiндiлерiн және қоршаған ортаға, теңiз бен өзге шаруашылық қызметiн дұрыс пайдалануға зиян келтiруге қабiлеттi өзге де заттарды әкетудi, сондай-ақ теңiз Ластанған жағдайда суды бөгеу мен тазалау жөнiндегi бағдарламаларды қамтуы тиiс.
      4. Теңiз Ластанған жағдайда осы бапқа сәйкес Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай Мердiгер өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң Ластануының зардаптарын жою не қауiптiлiгiн төмендету үшiн барлық мүмкiн шараларды қолдануға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 30-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      31-бап. Кен орнында бiрыңғай объект ретiнде
              Барлау және Өндiру

      1. Егер Барлауды, Өндiрудi немесе бiрлесiп Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгер Контракт аумағындағы Кен орнының, сондай-ақ Контракт аумағының шегiнен тысқары аумаққа iргелес орналасқандығын анықтаса, бұл Мердiгер Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) одан әрi Барлау жүргiзу және Өндiру үшiн табылған Кен орнының мүмкiн болатын шекараларының шектерiнде Контракт аумағын кеңейту мақсатында дереу өтiнiш жасауға мiндеттi.
      2. Контракт аумағын қайта қарау Геологиялық не, сондай-ақ Тау-кендiк белудi қайта ресiмдеу жолымен Контрактiге, сондай-ақ қажет болғанда жылдық жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
      3. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген Кен орнының қандай да болсын бөлiгi басқа Мердiгердiң Контракт аумағының шегiнде болған жағдайда, осы Мердiгерлер өздерiнiң таңдауы бойынша:
      1) осы Кен орнында Барлау жүргiзу және (немесе) Өндiру құқығына ие тек бiр ғана Мердiгер немесе бiр Контрактiнiң негiзiнде iшiнара Құқыққа ие бiрнеше Мердiгер қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану Құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып Барлау жүргiзу және (немесе) Өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
      2) Кен орнына, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде, бiрлесiп Барлау жүргiзу мен Өндiру туралы шарт жасасуға, мұндай шарт туралы Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) алдын ала келiсуге мiндеттi.
      4. Мердiгерлер осы баптың 3-тармағын сақтамаған жағдайда, Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) бiрыңғай объект ретiнде, Кен орнында бiрлесiп Барлау мен Өндiру туралы Мердiгерлердi шарт жасасуға сот тәртiбiмен мәжбүр етуге құқылы. Бiрлесiп Барлау мен Өндiру не Өндiру туралы шартты жасау кезiнде бiрыңғай ең төмен, Барлау жүргiзу қажет болғанда, бүкiл Кен орны үшiн жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен мiндеттi түрде келiсуге жататын жұмыстардың жұмыс және жылдық бағдарламаларын әзiрлейдi.
      5. Бiрлесiп Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгерлер өздерiне Контрактпен, сондай-ақ ең төмен, мiндеттi және жылдық жұмыс бағдарламасымен жүктелген мiндеттердi орындау бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
      ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      32-бап. <*>
      33-бап. <*>
      34-бап. <*>
      ЕСКЕРТУ. 32,33,34-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      35-бап. Қазақстан Республикасының Мұнай
              сатып алуға құқығы

      1. Шетелдiк Жер қойнауын пайдаланушының немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес Жер қойнауын пайдаланушысының үлесiнен әлемдiк нарықтық баға бойынша Мұнай сатып алуға Қазақстан Республикасының бiрiншi кезекте құқығы бар. Сатып алынатын Мұнайдың шектi көлемi, баға белгiлеу тәртiбi мен төлем түрi Контрактiде көрсетiледi.
      2. Мемлекеттiк Жер қойнауын пайдаланушыдан Мұнай сатып алудың шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      36-бап. Мұнайды уақытша алып қою және оның өтемi

      1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге де реттерде Қазақстан Республикасының Үкiметi Жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi Мұнайдың бiр бөлiгiн немесе бәрiн меншiк құқығымен немесе шаруашылық жүргiзу құқығымен уақытша алып қою құқығына ие болады. Уақытша алып қою сондай төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте уақытша алып қою олардың меншiк нысаны мен қай мемлекетке жататындығына қарамастан барлық Жер қойнауын пайдаланушылардан нақты өндiрiлген Мұнай деңгейiне қарай бiрдей тепе-теңдiкте жүргiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы уақытша алынған Мұнай үшiн шетелдiк Жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналыстағы валютамен, ал ұлттық Жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен уақытша алып қойған күнi қолданылған әлемдiк нарықтық баға бойынша заттай немесе оның құнын төлеу арқылы өтеуге кепiлдiк бередi.

6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай
операцияларын жүргiзу

      ЕСКЕРТУ. Жаңа 6-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      36-1-бап. Теңiзде және iшкi су қоймаларында Мұнай
                операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары

      1. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер осы операцияларды әдетте теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс. Бұл ретте Теңiздi осындай заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын Мердiгерлер өз кезегiнде Теңiз қорғаныш аймағының немесе қауiпсiздiк аймағының режимiн сақтауға тиiс.
      2. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлер теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең Таңдаулы практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.
      3. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiзде жүргiзiлген Мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң Ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшiн, мұндай тұлғаның кiнәсінің болу-болмауына қарамастан, жауапкершiлiкте болады.
      4. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер теңiздiң Ластануын болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Жарлықтың 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi. Мұндай бағдарламаларда жүргiзілетiн Мұнай операцияларына iшкi бақылау, қызметкерлердi оқыту, скважиналарды бақылауға алу жөнiндегi iс-шаралар, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар пайда болған және теңiз Ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етудi не сондай-ақ теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тартуды қамтуға тиiс.
      5. Теңiз Ластанған жағдайда теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай Мердiгер бұл үшiн өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң Ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.
      6. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгер өзiнiң есебiнен мұндай тұлғаның меншiгiндегi не пайдалануындағы Теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттiк органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды ұйымдастыруға мiндеттi. Теңiз құрылыстарында мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.
      7. Теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң мемлекеттiк органның жазбаша рұқсатын алмай Теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай Мердiгер мемлекеттiк органға Теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн 4 айдан кешiктiрмей өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған Теңiз құрылысының не осындай Теңiз құрылысын салу жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасқан жерi болуы тиiс. Мемлекеттiк орган теңiзде Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгердiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
      8. Iшкi су қоймаларындағы Мұнай операцияларына теңiздегi Мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Жарлықтың ережелерi қолданылады.

      36-2-бап. Теңiзде Барлау жүргiзу мен Өндiру шарттары

      1. Теңiзде Барлауды жүзеге асыратын Мердiгер iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауға Контракт аумағының барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана құқылы.
      2. Мердiгердiң iздестiру, барлау, пайдалану скважиналарын немесе өзге де скважинаны бұрғылауды, бұрын бұрғыланған скважина бақылаудан алынған кезiнде, мұндай скважинаны бақылауға алуға өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан мән-жайларда тиiмсiз болып табылатын қысымды шығарып тастауға арналған тығындау скважинасын бұрғылауды қоспағанда, Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Бұл ретте Мердiгер Құзыреттi органға (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) мұндай тығындау скважинасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау скважинасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты мән-жайлар мен себептердi көрсете отырып қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      3. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) скважинаны бұрғылауға Мердiгерде не оның тартқан қосалқы мердiгерiнде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, Мердiгерге жылдық жұмыс бағдарламасы және авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламалар жүктелген жұмыстарды орындау фактiсiн белгiлейтiн Теңiз құрылысы жөнiндегi тиiстi инспекцияның қорытындысы болғанда, Мердiгердiң осы скважинаны бұрғылауы кезiнде пайда болатын тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелердi сақтау фактiсi, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның мұндай скважинаны бұрғылаудың жобасы жөнiнде тиiстi қорытындысы болғанда және мемлекеттiк орган берген Теңiз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсаты болған кезiнде рұқсат бередi. Өтiнiшке мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
      4. Құзыреттi органның (уәкілеттi мемлекеттiк орган) жазбаша рұқсаты болмаса iшкi қабаттық қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және Табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) мұндай рұқсатты iшкi қабаттық қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсiз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсiздiктiң жеткiлiктi деңгейiн иеленсе, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
      5. Теңiзде Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгердiң Теңiз құрылысында, не 30 минуттық қол жетерлiк шектерiнде Теңiздi тазалау жөнiндегi жұмыстар Жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдығы, материалдары мен заттары болуға мiндеттi.
      6. Теңiздегі авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмаудың осы Жарлыққа сәйкес бекiтiлетiн бағдарламалары Барлау жүргiзу мен Өндiру кезiнде теңiздiң Ластануы салдарынан Теңiздi дереу оқшаулау және тазалау жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.

      36-3-бап. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салу
                және пайдалану

      1. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуды және оны пайдалануды жүзеге асыратын мердiгер Мұнайгаз құбырларының құрылысын, монтажын немесе оны төсеу жөнiндегi жұмысты мемлекеттiк органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Жарлықтың 36-1-бабының 7-тармағымен белгiленген жалпы тәртiпте берiледi.
      2. Теңiзде Мұнайгаз құбырларын Салуды және пайдалануды жүзеге асыратын Мердiгердiң Құзыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) рұқсат беру туралы шешiмдi осы тұлғаның өтiнiшiнiң негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап 30 күннен кешiктiрмей Мұнайгаз құбыры жөнiндегi тиiстi инспекцияның қорытындысы болған, осы Мердiгердің тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндетiн сақтау фактiсi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiткен Мұнай немесе газ құбырында авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi бағдарламасы болған жағдайда қабылдайды.

      36-4-бап. Теңiзде Мұнай сақтау қоймалары мен
                резервуарларын Салу және оны пайдалану

      1. Теңiзде Мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуға және оны пайдалануға тыйым салынды.
      2. Мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен аспайтын) қоспағанда, мұндай Мұнайды танкерлермен Теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде Теңiз құрылыстарында Мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.

      36-5-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен
                қондырғылар

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған орта мен биоресурстардың қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуде ерекше құқыққа ие.
      2. Мұндай жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсiздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбiр нүктесiнен бастап 500 метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсiздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.
      3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күзетiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы ескерту бойынша тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.
      4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер олар шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, адамдардың қауiпсiздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн бөлшектелуге тиiс.
      5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және iске қосу Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалану мен iске қосуға рұқсат берудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.

      36-6-бап. Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзуге
                байланысты қалдықтарды тастау және көму

      1. Теңiзде Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастау мен көмуге тыйым салынады.
      2. Теңiзге техникалық суларды ағызу мемлекеттiк бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана оларды белгiленген нормативтерге дейiн тазалау жағдайында жүзеге асырылады.

      36-7-бап. Теңiз ғылыми зерттеулерi

      1. Теңiз ғылыми зерттеулерi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      2. Теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық та, сондай-ақ шетелдiк те заңды және жеке тұлғалар, шетелдiк мемлекеттiк және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
      3. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуы тиiс:
      1) теңiз ғылыми зерттеулерi Теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауы тиiс;
      2) теңiз ғылыми зерттеулерi табиғат қорғау шараларын сақтай отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиісті түрде жүргiзіледі;
      3) теңiз ғылыми зерттеулерi процесiнде жиналған барлық деректер олар өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдын ала рұқсатынсыз еркiн таратылмауға және жарияланбауға тиiс.

      37-бап. Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттiк
              бақылау

      Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар (өздерiнiң құзыры шегiнде) жүзеге асырады. Бұл органдардың тексеру жүргiзетiн қызметкерлерi коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      38-бап. Мұнай Өндiрудi бақылау

      Егер Мердiгер Өндiрудi негiзсiз бастамай отырса немесе Кен орнының геологиялық мүмкiндiгiн ескере отырып Мұнайды жеткiлiксiз деңгейде өндiретiн болса, Құзыреттi орган (уәкiлетті мемлекеттiк орган) жазбаша хабарлар ету арқылы Мердiгерге белгiлi бiр мерзiмде кен орындарын игерудiң Оңтайлы тәжiрибесiмен негiзделген мөлшерде Өндiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қолдану қажеттiгiн атап көрсетуi мүмкiн. Хабарлама белгiленген мерзiмде орындалмаған ретте Лицензиялық орган осы Жарлықтың 28-1-бабына сәйкес Контрактiнi бұзуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      39-бап. Өндiрiлген Мұнайды өлшеу

      1. Контрактi аумағында өндiрiлген Мұнайды өлшеу мен салмақтауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiске сәйкес Мердiгер жүргiзедi.
      2. Мердiгер белгiленген тәртiппен уақыттың белгiлi бiр кезеңi сайын Құзырлы орган өкiлiнiң қатысуымен мұнайды салмақтау мен өлшеу үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарды жүйелi түрде сынақтан өткiзiп отырады.
      3. Егер сынаған немесе тексерiп қараған кезде жабдықтар немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзiмiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақаулық мерзiмi бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейiнгi уақыттың жартысы ретiнде белгiленедi.

7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi

      40-бап. Мердiгердiң құқықтары

      Мердiгер:
      1) егер мұның өзi Контрактiде көзделсе, Контрактi аумағында Мұнай операцияларын айрықша негiзде жүргiзу;
      2) Контрактi аумағында жұмыстардың қалыпты жүргiзiлуiн жүзеге асыруға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға, сондай-ақ Контрактi аумағында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де иелерiмен уағдаластық бойынша жалпы пайдаланымдағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) Мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн көбiне Қазақстан Республикасы ұйымдары арасынан қосалқы мердiгерлердi тарту;
      4) осы Жарлықтың 35 және 36-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де Мұнайдың (өнiмдердiң) және Iлеспе құрамдардың үлесiне, соның iшiнде өнеркәсiптiк-тәжiрибе жұмыстарын жүргiзу және жекелеген скважиналарды сынақпен пайдалануға беру кезiнде алынған өзiне тиесiлi үлесiне иелiк ету;
      5) Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн осы Жарлықтың 26-бабында белгiленген мерзiмдерден әрi ұзарту туралы келiссөздердi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
      6) өз құқықтарының бәрiнен немесе бiр бөлiгiнен бас тартуға және Контрактiде белгiленген шарттармен Контрактi аумағында да, сол сияқты республикада да өз қызметiн тоқтату құқығына ие болады.
      ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      41-бап. Мердiгердiң мiндеттерi

      Контрактiнi жүзеге асыру барысында Мердiгер:
      1) әлемдiк өнеркәсiпте қабылданған стандарттарға негiзделген Мұнай операцияларын жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
      2) Контрактi аумағын Контрактiде көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға;
      3) Мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына қатаң түрде сәйкес жүргiзуге, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға;
      4) басқа мердігерлердің Контрактi аумағында еркiн жүруiне, жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануына немесе, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет Мұнай операцияларын жүргiзуге бөгет жасамаса, жұмыстың кез келген түрiн, соның iшiнде, Мұнайды қоспағанда, басқа табиғи ресурстарды Барлауына, игеруi мен Өндiруiне кедергi келтiрмеуге;
      5) қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Мұнай операцияларын жүргiзуге арналып белгiленген тәртiппен бекiтiлген технологиялық схемалар мен жобаларды ұстануға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен байланысты, олар стандарттар мен басқа да талаптарға сай болған жағдайда, Қазақстан Республикасында өндiрiлген материалдар мен дайын өнiмдi мiндеттi түрде пайдалануға;
      7) егер бұл қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурстар өткiзумен байланысты стандарттарға және басқа да талаптарға сай болса, әуе, темiр жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыс атқару мен қызмет көрсету үшiн қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
      8) Мұнай операцияларын жүргiзген кезде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;
      9) Құзырлы органға белгiленген жұмыстардың бағдарламасын, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру барысында толық хабарлама түсiруге;
      10) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпаратты кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына жiберуге;
      11) егер Мұнай операцияларының мазмұны туралы ақпарат беру қажеттiгi туған жағдайда, егер Контрактiде өзгеше белгiленбесе, бұл ақпаратты тараптардың жалпы келiсiмiмен ғана үшiншi бiр адамға беруге;
      12) Контрактi аумағындағы қызметтiң нәтижесi бойынша геологиялық және геофизикалық ақпаратты Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға түсiруге;
      13) салықтар мен өзге мiндеттi төлемдердi дер кезiнде төлеп тұруға;
      14) Контрактiге сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға қатысуға;
      15) мәдени-тарихи маңызы бар объектiлер сақтауға;
      16) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық және экономикалық түйiндерiне жасауға;
      17) Мұнай операцияларын жүргiзу салдарынан бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғи объектiлердi өз есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды күйiне жеткiзiп, қалпына келтiруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi

      42-бап. Арналы труба құбырына меншiк құқығы

      1. Арналы труба құбыры бөлiнбейтiн технологиялық жүйе болып табылады және ол мемлекеттiк меншiкте де, сондай-ақ өзге меншiкте де болуы мүмкiн.
      2. Арналы труба құбырын басқаруды, егер Контрактiде өзгеше көзделмесе, оны меншiктенушi жүзеге асырады.

      43-бап. Арналы труба құбырын пайдалану

      1. Арналы труба құбыры объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Арналы труба құбырын Техникалық пайдалану, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуы туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, жердi пайдаланушылар, лауазымды адамдар мен азаматтар Арналы труба құбыры иесiмен өзара iс-қимыл жасаған кезде аталған ережелер орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындардың Арналы труба құбыры иесiмен келiспей энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiнде режимдiк шаралар жүргiзуiне тыйым салынады.
      3. Арналы труба құбырының иесi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және басқа да мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың келiсуi бойынша Арналы труба құбыры объектiлерiн қауiпсiз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, мүмкiн болатын аварияларды, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрлескен шараларды әзiрлейдi.
      4. Арналы труба құбырының иесi оны техникалық пайдалану, қауiпсiздiк және қорғау Ережелерiн сақтауға жауапты болады.
      5. Арналы труба құбырының күзетiлетiн аймағында оның иесiмен келiспей жұмыс пен iс-қимылдың кез келген түрiн атқаруына тыйым салынады.
      6. Қауіпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленген ең жақын қашықтық шегiнде Арналы труба құбырына қатысы жоқ қандай да болсын объектiлердi салуға тыйым салынады.

      44-бап. Арналы труба құбыры иесiнiң жергiлiктi өкiлдi
              және атқарушы органдармен және жүк
              жөнелтушiлермен өзара қарым-қатынасы

      1. Мұнайды айдау, сақтау мен бөлу процестерiне байланысты Арналы труба құбырының жедел өндiрiстiк қызметiне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың араласуға құқық жоқ.
      2. Арналы труба құбырының авариялық қызметiнiң қызметкерлерi, авариялық және арнайы техника басқа жұмыстарға тартыла алмайды.
      3. Арналы труба құбырының өткiзу қабiлетiнiң резервi болған жағдайда оның иесiнiң жүк жөнелтушiге Мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүктi жөнелтушiлердiң бiркелкi тарифтер бойынша көлiк қызметiнiң көрсетiлуiне тең құқығы болады.

      45-бап. Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн
              орнату, тарту мен пайдалану

      Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану кезiнде қауiпсiздiк пен айналадағы ортаны қорғау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi

      46-бап. Табиғатты қорғау шараларының мәртебесi

      Табиғатты қорғау шараларын орындау және халық пен қызметкерлердiң денсаулығын сақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады әрi бүкiл Мұнай операцияларын болжау (жоспарлау), жобалау және оларды жүргiзу жөнiндегi шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

      47-бап. Контрактiге қол қою үшiн экологиялық негiздеме

      Белгiленген қызметтiң айналадағы ортаға әсер етуiне мiндеттi түрде баға бере отырып (АОӘБ) нұсқалық негiзде орындалған Мұнай операцияларының экологиялық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттiк экологиялық сараптаудың оң қорытындысы Контрактiге қол қою үшiн қажеттi экологиялық негiздеме болып табылады.

      48-бап. Мониторинг

      Айналадағы табиғи ортаға келеңсiз әсердi жою мен оны азайту жөнiндегi шараларды қолдану және Мұнай операцияларын экологиялық жағынан қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында Мұнай операциялары басталғанға дейiн және олардың бүкiл кезеңiнде Жер қойнауын пайдаланушы табиғатта болып жатқан өзгерiстер мен жүргiзiлген шаруашылық қызметiнiң оған әсер ету сипаты туралы жедел кешендi ақпарат алу жүйесiн - мониторинг құруға тиiс.

      49-бап. Теңiзде, Iшкi су тоғандарында, төтенше
              экологиялық жағдайлар аймақтарында және
              табиғаттың ерекше қорғалатын объектiлерiнде
              Мұнай операцияларын жүргiзу

      1. Теңiзде, Iшкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде Мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы жалпы шешiмдi мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
      2. Теңiзде, Iшкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде Мұнай операцияларын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      3. Кен орындарын пайдаланған кезде Теңiзде қорықтық бөлiгiнде Мұнай тасымалдау табиғат қорғау туралы заңдарда белгiленген талаптар сақталған жағдайда труба құбырлары арқылы жүзеге асырылады.

10-тарау. Коммерциялық шарттар

      50-бап. Валюталық операциялар

      Мердiгер мен қосалқы мердiгердiң валюталық операцияларды  жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      51-бап. Кеден режимi

      Кеден режимi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      52-бап. Салықтар мен төлемдер

      Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Мердiгер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылады.

11-тарау. Құқықтық шарттар

      53-бап. Құқықтар мен мiндеттердi беру

      1. Мердiгер өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн Контрактi бойынша, соның iшiнде акциялардың бақылау пакетiнен айыру жолымен басқа заңды тұлғаға немесе халықаралық ұйымға Лицензиялық және Құзырлы органдардың жазбаша рұқсатымен ғана бере алады. Еншiлес кәсiпорындарға құқықтар мен мiндеттердi беру үшiн шарттары Контрактiде ескертiледi.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес құқықтар мен мiндеттердi беруге байланысты жұмсалатын шығындар Мердiгерге жүктеледi.
      3. Мердiгер Контрактiге қандай болса да қатысуын сақтап отырған кезде және құқықтары мен мiндеттерi берiлетiн адам Контрактi бойынша бiрдей жауапкершiлiкте болады.

      53-1-бап. Қолданылатын құқық

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға, сондай-ақ теңiздегi Мұнай операцияларына Қазақстан Республикасының ерекше құқығы қолданылады.
      2. Құзыреттi органмен (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) жасалатын Контрактiлерде шетелдiк құқықты қолдану туралы шарт белгiленбейдi.
      3. Шекара маңындағы кен орындарында жүргiзiлетiн теңiздегi барлау және Өндiру, бiрлесiп Барлау және Өндiру жөнiндегi Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға, егер ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тiкелей көзделген болса, Қазақстан Республикасына қарама-қарсы немесе шектес жатқан мемлекеттiң құқығы қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 53-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      54-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа меншiк құқығы

      Жер қойнауы туралы ақпаратты меншiктену құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығына сәйкес белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      55-бап. Сақтандыру

      1. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын Мердiгерлер мыналарға:
      1) <*>
      2) <*>
      1) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөнiндегi шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;
      2) үшiншi адамдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке байланысты жауапкершiлiк тәуекелдiгiн сақтандыруға мiндеттi.
      2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi.
      3. Сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3-1. Теңiзде Барлау мен Өндiрудi жүзеге асыратын Мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
      1) скважинаны бақылауға алу жөнiндегi шығыстары;
      2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
      3) теңiздiң Ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөнiндегi шығыстары;
      4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөнiндегi шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 55-баптың 1-тармағының 1), 2)-тармақшалары алынып тасталды, 3)-тармақша жаңа редакцияда берiлдi, 4)-тармақшадан сөздер алынып тасталды, 3), 4)-тармақшалар тиiсiнше 1), 2)-тармақшалар болып есептелдi, 2-тармақ жаңа редакцияда берiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.13. N 122-I Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгерді және 3-1-тармақпен толықтырылды, бұл тармақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      56-бап. Еңбектегi құқық қатынастары

      Мердiгерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу шарттары, жұмыс iстеу мен тынығу режимi, әлеуметтiк қамсыздандырылуы мен әлеуметтiк сақтандырылуы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      57-бап. Мердiгер құқықтарының кепiлдiктерi

      Мердiгерге оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатынына кепiлдiк берiледi. Мердiгердiң жағдайын нашарлататын заңдардың өзгертулерi мен толықтырулары, ондай өзгертулер мен толықтыруларға дейiн жасалған Контрактiлерге қолданылмайды.
      Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      58-бап. Дауларды шешу

      1. Контрактiнi жасау мен орындауға байланысты даулар мүмкiндiгiне қарай келiссөздер жүргiзу жолымен, соның iшiнде халықаралық сарапшыларды тарту арқылы не дауларды шешудiң Контрактiде бұрын келiсiлген процедураларына сәйкес шешiледi.
      2. Егер мұндай даулар осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес шешiлмейтiн болса, онда дауласқан тараптардың кез келгенi дауды шешу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай дауларды қарауға уәкiлдiк бар Қазақстан Республикасының сот органдарына;
      2) "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелiк органдарына бередi;
      3) Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын қосқанда, барлық қалған дауларды, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының уәкiлдi сот органдары шешедi.
      ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      59-бап. Жарлықты күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы жарлық 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi