"Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 21 қаңтар N 1086. Күшi жойылды - 1995.12.05. жарлықпен.

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының құрылатын алтын қоры мен алмас қорын басқару тиiмдiлiгiн арттыру, валюталық әулетiн нығайту мақсатымен және бағалы металдар мен асыл тастар тек қана мемлекеттiң меншiгi болып табылатынын ескере келiп қаулы етемiн:
      1. Республиканың алтын қоры мен алмас қорын құруға қатысушы кәсiпорындар мен ұйымдардың "Қазалтын" Республикалық өндiрiстiк бiрлестiк кәсiпорындар мен ұйымдары негiзiнде мемлекеттiң, сондай-ақ "Қазалмасалтын" Қазақ мемлекеттiк консорциумының, Алматы зергерлiк бұйымдар зауыттарының, "Қазалмасалтын" мемлекеттiк институтының қатысуымен "Алтыналмас" Ұттық акционерлiк компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолдаған ұсынысы мақұлдансын.
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының президентiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды деп белгiленсiн.
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрылуына байланысты "Қазалтын" Республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi таратылсын. Жарғыға сәйкес және құрылтайшылардың шешiмiмен "Қазалмасалтын" Қазақ мемлекеттiк консорциумы алдына қойылған мiндеттердi iске асырушы ретiнде өз қызметiн тоқтатқандығы еске алынсын.
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы "Қазалтын" Республикалық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және "Қазалмасалтын" Қазақ мемлекеттiк консорциумының заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың бiрiншi абзацынан сөздер алынып тасталған -
               ҚР Президентiнiң 12.01.1995 ж. N 2032 Жарлығымен.

      2. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына:
      қайталама шикiзатты ұқсатуды, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзудi қоса алғанда бағалы металдарды, асыл тастарды, алмасты және олардан жасалған өнiмдердi алумен, өндiрумен шұғылданатын меншiк нысандары әртүрлi кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
      республиканың алтын, алмас өндiрушi салаларын қолдау мен дамытуға, оның iшiнде шетелдiк әрiптестердi қатыстыра отырып қолдау мен дамытуға бағытталған бiрыңғай кредиттiк және инвестициялық саясатты әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз ету;
      республиканың алтын қоры мен алмас қорын құруға қатысушы меншiк нысандары әртүрлi кәсiпорындар мен ұйымдар арасындағы өзара тиiмдi сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясына оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару хұқын беретiн болсын.
      Аталған кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына қарай акциялардың тиiстi мемлекеттiк бақылау пакеттерi "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының басқармасына берiледi деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының алтын қоры мен алмас қорын құруды жеделдете түсудiң және жалпы ұлттық проблемаларды шешудiң маңыздылығын ескере отырып, "Қазақстан алтыны" бағдарламасы ұлттық бағдарламалар тiзбесiне қосымша енгiзiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      1993-1997 жылдарға арналған "Қазақстан алтыны" Ұлттық бағдарламасын және оны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынатын болсын;
      "Қазақстан алтыны" Ұлттық бағдарламасына енгiзiлген

объектiлердiң материалдық-техникалық базасын дамытуға мемлекеттiк
қолдау жасайтын болсын.
     6. Мемлекеттiк басқару органдары, әкiмдер Қазақстан 
Республикасының алтын қоры мен алмас қорын құру, "Алтыналмас"
Ұлттық акционерлiк компаниясының, сондай-ақ оның құрамына кiретiн
кәсiпорындар мен ұйымдар қызметiнiң мәселелерiн шешуге жәрдем 
көрсететiн болсын.
     7. Осы Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi