Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1315 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. Қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық:

      1) 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының екінші және үшінші, 2-тармағының екінші және үшінші, 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын, 2-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және қырық алтыншы абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының он жетінші, отыз төртінші абзацтары және 2-тармағының жиырма алтыншы абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсыну;";

      "32) жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      "жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу тәртібін;".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 15 маусымдағы
№ 1315 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Міндеттері:

      1) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми құқықтық статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      2) мемлекеттiк цифрлық құқықтық статистикалық жүйенi жетiлдiру және дамыту;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.";

      14-тармақта:

      1) тармақша оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырудың нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жіберу;";

      2) тармақшада:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "цифрлық жүйелерді құқыққа сыйымсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердi бүлiнуден немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету;";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің цифрлық жүйелерінен мәліметтер ұсыну;";

      15-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне цифрлық технологияларды ендіру;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру;";

      17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:

      цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, мониторингтеуді жүзеге асыру;

      іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;

      цифрлық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      18) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелердің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуіне, оларға әкімшілік етуге, оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды айқындау;

      19) мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;";

      30) тармақшадағы "іс жүргізулердің" деген сөздер "іс жүргізудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" цифрлық талдау жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      "36) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесін әзірлеу;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитет төрағасының орынбасарлары, оның ішінде бірінші орынбасары болады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бас Прокурор лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің прокурорлары мен өзге де жұмыскерлерін, аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;".

      2. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасында:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне интеграцияланған цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдау;";

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелері мен ресурстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізу;";

      15-тармақта:

      15), 28) және 30) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) заңдылықтың жай-күйіне, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне интеграцияланған цифрлық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізу;";

      "28) Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының "цифрлық үкіметі" құрылымына қатысуын қамтамасыз ету, прокуратура органдарының Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толтыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, Қазақстан Республикасының цифрландыру туралы заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;";

      "30) прокуратура органдары жүйесінде киберқауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру; ";

      43) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне цифрлық технологияларды ендіру;

      44) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:

      цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, мониторингтеуді жүзеге асыру;

      іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;

      цифрлық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оларды жою бойынша шаралар қабылдау жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;";

      19-тармақтың 37) тармақшасының отыз бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" цифрлық талдау жүйесін жүргізу тәртібін;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Аппарат

      Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметі

      Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі

      Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі

      Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі

      Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі

      Активтерді қайтару жөніндегі қызмет

      Кадр жұмысы департаменті

      Өзіндік қауіпсіздік департаменті

      Стратегиялық даму департаменті

      Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті

      Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті

      Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті

      Қаржы департаменті

      Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      Ішкі аудит басқармасы

      Киберқауіпсіздік басқармасы.".

      3. "Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасында:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңнамасының қолданылуын қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған цифрлық жүйелерде, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдау;";

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелері мен ресурстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізу;";

      15-тармақта:

      12) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықтың жай-күйіне, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған цифрлық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізу;";

      "15) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңдеріне, оның ішінде цифрлық жүйелер арқылы мониторинг жүргізу;".