ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 9) тармақшасындағы "есепті қарауды жүзеге асырады." деген сөздер "есепті қарауды;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті қарауды жүзеге асырады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |