ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық:
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші;
2) қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын, 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 мамырдағы № 1258 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру саласында, цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган.";
2) 13-тармақтың 16) және 16-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"16) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету;
16-1) цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
3) 14-тармақта:
отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін цифрлық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өтеусiз жəне заңнамалық актiлерде коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;";
отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, цифрлық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерінің жүйелерін әзірлеу және құру;";
елу екінші және елу үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Интернет желісіне қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "цифрлық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру;";
елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы және алпыс бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есептерді, анықтамалық, цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстарды құру және пайдалану;
цифрлық жүйелерді және цифрлық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, олардың бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен жарақтандыруды әзірлеу, сатып алу, құру (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қолдану және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды жүзеге асыру;";
2) тармақшаның жиырма сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің цифрлық жүйелерінен мәліметтер беру;";
4) 15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16), 34-17), 34-18), 34-19), 34-20), 34-21), 34-22) және 34-23) тармақшалармен толықтырылсын:
"34-10) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34-11) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
34-12) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
34-13) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
34-14) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;
34-15) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
34-16) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
34-17) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
34-18) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
34-19) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
34-20) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
34-21) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
34-22) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
34-23) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;";
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"41) ұлттық қауіпсіздік органдарында архив ісін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, осы мақсаттарда цифрлық жүйелерді құру және пайдалану;";
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"43) полиграфологиялық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық жүйесінде есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"56) арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, қорғалған байланыс құралдарын, цифрлық жүйелерді, қару-жарақ пен жарақтандыру құралдарын әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру;";
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"58) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның "цифрлық үкімет" құрамына қатысуы, ұлттық қауіпсіздік органдарының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толықтыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;";
80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"80) ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"123) киберқауіпсіздіктің куәландырушы орталығының қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
141), 142) және 143) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"141) "Бүркіт" бірыңғай цифрлық жүйесінде жедел есепте тұрған адамдарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
142) ұлттық қауіпсіздік органдарында цифрлық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
143) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті цифрлық ресурстарының және мемлекеттік органдар деректерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"194) цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, ақпаратты іріктеу, жинақтау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
210) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"210) ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесі жұмысының қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
222) тармақша алып тасталсын;
223) және 224) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"223) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
224) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу, растау және жою қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 224-1), 224-2) және 224-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"224-1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
224-2) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
224-3) жасанды интеллект моделін, платформалық бағдарламалық өнімді әзірлеу және (немесе) орналастыру;";
279) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"279) ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;";
297) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"297) ұлттық қауіпсіздік органдарының тиісті құрамының қызметкерлерін сержанттар құрамы мен офицерлік құрам атқаруға жататын лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде көрсетілген лауазымдарға төмен тұрған құрамның қызметкерлерін және әскери қызметшілерін тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
313-16), 313-17) 313-18), 313-19) және 313-20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"313-16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыруға пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтарының үшін талаптарды келісу;
313-17) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;
313-18) аса маңызды цифрлық инфрақұрылым объектілерінің киберқауіпсіздігі бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
313-19) Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иеленушілеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын бұзушылықтарды анықтау кезінде нұсқамалар беру;
313-20) Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының маңызды цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иеленушілеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын бұзушылықтарды анықтау кезінде нұсқамаларды орындау үшін жолдау;".
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
1) 14-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды және цифрлық жүйелерді құру және пайдалану;";
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"41) Шекара қызметінің цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу;";
2) 15-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Шекара қызметінің цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;";
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"32) Шекара қызметінің цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;";
3) 19-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) өз орынбасарларына және Қызметтің лауазымды адамдарына өкілеттіктерін береді;".
3. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
1) 3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Терроризмге қарсы орталықтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар арасында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, соның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актімен айқындалатын тәртіппен "Антитеррор" цифрлық жүйесін пайдалана отырып, ақпаратпен өзара алмасу бойынша шараларды тұжырымдау;";
2) 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Терроризмге қарсы орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қызметтік құжаттар мен материалдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асыруға, қажет болған жағдайда және мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың ақпараттық жүйелерін пайдалануға құқылы.".
4. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:
1) 13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету;";
2) 15-тармақтың 21) және 22) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"21) құпия;
22) құпия;".
5. Құпия.
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:
1) 14-тармақта:
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың цифрлық жүйелері мен цифрлық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың цифрлық жүйелерін пайдалану;
8) белгіленген тәртіппен цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпаратты техникалық арналар арқылы тарап кетуден қорғау құралдарын, олардың бағдарламалық қамтылымын, қару-жарақ пен құрал-жабдық сатып алу, пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыру;";
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) байланыс арналарының, цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардың іркіліссіз жұмысын және қорғалуын қолдау;";
2) 15-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"23) ведомстволық архивті, анықтамалық, цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстарды құру және пайдалану;".
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ережеде:
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік органдардың жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті дерекқорын және цифрлық жүйелерін пайдалану;".
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 944 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ережеде:
1) 14-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, сондай-ақ цифрлық ресурстардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау үшін цифрлық жүйелер мен цифрлық құралдарды енгізу және дамыту;";
2) 15-тармақтың 29) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"29) Қызметтің киберқауіпсіздік саясатын іске асыруға, техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз етуге және жетілдіруге қатысу;
30) Қызметке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ оларды әзірлеуге, құруға, жаңғыртуға және сатып алуға қатысу;".