Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 1159 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№ 1159 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде 14-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;".

      2. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және тауар биржаларының клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржасы, биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту;".

      3. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

      бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын бұл туралы хабардар ету;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы туралы ақпарат жіберу;

      10-1) өз құзыреті шегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;";

      17), 18) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қауіп-қатерлерін азайтуға бағытталған шараларды іске асыру;

      18) Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес жүзеге асыру;

      27) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қауіп-қатерлерін азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін айқындау;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы қорытындысын дайындау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-1) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру тәртібін айқындау;

      30-2) жеке кабинетті жүргізу тәртібін айқындау;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайлары мен жақын туыстарының тізімін жүргізу және жүргізу тәртібін айқындау;".