"Рfіzеr" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу жөніндегі келісімдер мен шарттарға, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістерге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының халқын вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріне "Рfіzеr" (Пфайзер) компаниясымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу жөніндегі келісімдер мен шарттарға, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістерге Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев