Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
"
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
";
мына:
"
Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
";
мына:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
";
мына:
"
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, Қарулы Күштер Әскери полициясы бас басқармасының, Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары; Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы; Қарулы Күштердің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы; бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары; Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы; Қарулы Күштер Әскери полициясы бас басқармасының, Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы;";
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |