Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 149 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына енгізілсін:

Азимова
Эльвира Әбілқасымқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Айтпаева
Сәуле Мұханбедианқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: А.Н. Жаилғанова, А.О. Шәкіров, Г.В. Ким шығарылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Азимова
Эльвира Әбілқасымқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Волков
Владимир Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Жайылғанова
Анар Нұралықызы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

      мына жол:

"Шпекбаев
Алик Жатқамбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Шпекбаев
Алик Жатқамбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Г.В. Ким, Д.Р. Құсдәулетов, А.О. Шәкіров шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев