Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 13 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
(үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 13 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      "

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы



  "

      деген жолдан кейін, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қауіпсіздігі қызметінің бастығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы



  ".

      2. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет пен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына:

      Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысындағы:

      1-тармақтағы "Объектілерді қорғау қызметі" деген сөздер "Айрықша мақсаттағы күштер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысындағы:

      27-тармақтағы "Объектілерді қорғау қызметінің бастығы" деген сөздер "Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Құпия.

      5. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      6. Құпия.

      7. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 279-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережедегі:

      барлық мәтін бойынша "Объектілерді қорғау қызметі", "Объектілерді қорғау қызметін", "Объектілерді қорғау қызметінің" деген сөздер тиісінше "Айрықша мақсаттағы күштері", "Айрықша мақсаттағы күштерін", "Айрықша мақсаттағы күштерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ "және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтағы "Астана қаласы, Кенесары көшесі, 26" деген сөздер "Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 30." деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтың екінші бөлігі "кіріс" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақтың 2) тармақшасындағы "жедел-іздестіру" деген сөздерден кейін "және қарсы барлау" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) полиграфиялық және фото-, бейнестудия құрал-жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ ақпараттық-талдау, әскери-публицистикалық және басқа да материалдарды басып шығаруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) құпия;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бастықтың орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. Бастықтың орынбасарларын Бастықтың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бастықтың бірінші орынбасарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Құпия.";

      27-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Мемлекеттік күзет қызметінің қолданыстағы және шартты атауын қолдану тәртібін айқындайды;";

      14) тармақшадағы "және әскери қызметшілердің" деген сөздер алып тасталсын.

      8. Құпия.