"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 52 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 74-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада Алматы облысының аумағында орналасқан.
      АЭА логистикалық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
      АЭА-ның аумағы 4591,5 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
      2) көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 52 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

«Қорғас - Шығыс қақпасы»
арнайы экономикалық  
аймағы туралы ережеге 
ҚОСЫМША        

«Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының
ЖОСПАРЫ

      

рет саны

Негізгі аймақтардың атаулары

Ауданы, га

1.

«Құрғақ порт» көлік-логистикалық кешені

294,00

2.

Логистикалық аймақ

189,40

3.

Индустриялық аймақ

230,40

4.

Резервтік аумақ

3 877,70

Жиыны:

4 591,5