Ескерту. Жарлықтың 4-тармағын, сондай-ақ жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 3, 6, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24-тармақтарын қоспағанда күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және алдын-ала тергеуді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 37.
9. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Агенттіктің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Агенттікке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Агенттіктің миссиясы: мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет корсету салаларында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
2) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың іс-қимылын үйлестіру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын барынша азайту;
4) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
15. Функциялары:
1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзінің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
3) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауының себептері мен жағдайларын азайту мен жою жөніндегі ұсынымдарды енгізу;
6) қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін барынша азайтуға бағытталған, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
7) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқамаларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мен жою туралы ұсынымдарды орындауына баға беру және мониторинг жүргізу;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, халықтың сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері туралы хабардар болуын арттыру;
9) сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті өткізу мониторингін жүзеге асыру, әдеттегідей, кейіннен оны мемлекет кірісіне өткізу туралы ақпаратты жариялау;
10) мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі республикалық дерекқорды, оның ішінде автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйінің және мемлекеттік лауазымдардың мониторингін жүргізу;
11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
12) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;
13) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
14) мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын айқындау, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру;
15) мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткізу тәртібін белгілеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
16) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін жасақтау;
17) мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
18) мемлекеттік органдар әзірлейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, қойылатын біліктілік талаптарына үміткердің сәйкес келуі бөлігінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан шығаруды келісу;
19) конкурстық негізде орналасатын құқық қорғау органдарының лауазымдар тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту жағдайлары мен тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын келісу;
20) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;
21) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;
22) мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;
23) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларға кеңес беру;
24) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарда персоналды басқарудың тиімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүзеге асыру;
25) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қызметті алушылардың қанағаттанушылығына мониторингті жүзеге асыру;
26) мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұрату;
27) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
28) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру;
29) жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестер құру;
30) мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
31) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету;
32) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен шешіміне жасалған өтініштерін қарау;
33) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
34) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
35) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға келісім беру;
36) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
37) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
38) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
39) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу және анықтау қызметінің тәжірибесіне талдау жүргізу;
40) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын белгілеу, қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
41) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық бере отырып, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың түрлі нысандарын белгілеу;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметін жүзеге асыру;
43) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
44) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
45) Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, тексерулер жүргізуге мемлекеттік органдардың келісімімен олардың қызметкерлерін тарту;
4) құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамаларды енгізу;
5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды енгізу;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
7) Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
8) жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және алдын ала тергеуді жүзеге асыру;
9) іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;
10) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып кою немесе алуды жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
12) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттама жасау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа тексерістер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыру;
15) басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен Агенттіктің қызметінің негізгі бағыты бойынша өзара іс-қимыл;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
17. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
20. Агенттік төрағасының өкілеттігі:
1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, соның ішінде алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің мәселелері бойынша, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің, тәртіптік кеңестері мен ведомстволық ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) Агенттік жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) және Агенттіктің аумақтық бөлімшелері ұйымдары басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;
3) өз өкілеттіктері шегінде Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері, Агенттік аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының шегінде Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік жұмыскерлерінің (қызметкерлерін), Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын, олардың орынбасарларын, Агенттіктің тәртіптік кеңестерінің төрағаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ведомстволық ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
7) міндетті арнайы тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын Агенттіктің кадр құрамына қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттік атынан өкілдік етеді;
10) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Агенттік Төрағасы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
21. Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және бұл міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапкершілік алады.
22. Агенттік Төрағасының консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
23. Агенттік Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
24. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
25. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртіптік кеңестері болады, олар туралы ережені Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Агенттіктің мүлкі
26. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Агенттіктің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті
Сотқа дейінгі тергеу департаменті
Әкімшілік жұмыс департаменті
Ішкі қауіпсіздік басқармасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
1. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
9. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
10. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
12. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
15. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
16. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45. 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 34, 408-құжат; № 59, 833-құжат; 2012 ж., № 32, 414-құжат; № 42, 552-құжат; № 58, 793-құжат; № 59, 806-құжат; 2013 ж., № 58, 788-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мына:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 292
агенттігі
оның ішінде аумақтық органдар 237"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 2309
оның ішінде:
орталық аппарат 250
аумақтық бөлімшелер 2059".
4-қосымша алып тасталсын*.
* 4-қосымшаның Қаржы полициясы академиясының штат саны бөлігіндегі ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Академия таратылғаннан кейін күшін жояды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2015 N 15 Жарлығымен.3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.
4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2017 № 470 Жарлығымен.7. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат, № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат: № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 24, 379-құжат, № 24, 381-құжат; № 29, 439-құжат; № 31, 465-құжат; № 33, 497-құжат; № 43, 633-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 17-құжат; № 38-39, 368-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшыларының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Әкімшілік Басшысы" |
жолдан кейін мынадай жолмен толықтырылсын:
"Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарларынан басқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Бас прокурордың және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас Прокурордың және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары | Комиссия*"; |
мына:
"Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры | Президент | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры | Президент | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы" |
деген жол алып тасталсын;
мына:
"Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары | Министр | Кедендік бақылау комитетінің төрағасы | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары | Министр | Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары | Министр | Кедендік бақылау комитетінің төрағасы | Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары | Министр | Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы | Комиссия*"; |
мына:
"Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары | Экономикалық. қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы | Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы | Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша департаменттерінің басшылары | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл агенттігінің төрағасы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | Комиссия*"; |
мына:
"Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті аумақтық кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары | Кеден бақылау комитетінің төрағасы | Кеден бақылау комитетінің төрағасы | Комиссия*" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары | Министр | Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңес төрағалары | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы"; |
деген жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарлары; аумақтық органдарының басшылары.";
23-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері.";
24-тармақ алып тасталсын.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 2, 13-құжат; № 19, 229-құжат; № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".
9. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158 Жарлығымен.
10. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 2001 ж., № 19, 234-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2008 ж., № 14, 123-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 53, 742-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат) ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
11. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.12. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 158 Жарлығымен.
13. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат, 2011 ж., № 10-11, 125-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 43, 569-құжат; 2014 ж., № 30, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
32-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тиісінше сот төрелігін жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша - Жоғары Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);".
14. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж. № 36, 476-құжат; № 44, 589-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында:
мына:
"Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, Қазақстан
Дәрмен Қанатұлы Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Жоспарлау және сыртқы
байланыстар бөлімінің меңгерушісі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер".
Дәрмен Қанатұлы
15. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат; № 68, 976-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 21, 339-құжат; № 21, 341-құжат; 2014 ж., № 16-17, 138-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
16. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.05.2023 № 238 Жарлығымен.17. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат; № 45, 658-құжат; № 68, 905-құжат; 2014 ж., № 3, 15-құжат; № 28, 227-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органы басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары".
18. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 150 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
19. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы";
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)".
20. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат; № 32, 279-құжат;):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
6-тармақтың 22) тармақшасы алып тасталсын.
21. "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 647-құжат; 2014 ж., № 32, 279-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларында:
бесінші абзац алып тасталсын;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;".
22. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
23. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат; № 30, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі" бөлімінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің офицер атағы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".
24. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 819 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 281-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
5-тармақ алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 10-ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына ҚОСЫМША |
Өздеріне қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін
орталық мемлекеттік органдардың
ТІЗБЕСІ
Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір актілерінің
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; № 15, 149-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 37, 508-құжат; 2009 ж., № 56, 468-құжат; 2012 ж., № 58, 793-құжат; 2013 ж., № 24, 382-құжат; № 43, 632-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 459 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 маусымдағы № 895 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 18, 196-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1020 Жарлығы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 1032 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 92-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 15, 149-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 1557 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 16, 189-құжат).*
8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; 2013 ж., № 45, 658-құжат; № 68, ст. 905).
9. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 1660 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 508-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 894 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 468-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 344 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 793-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 544 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 382-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 608 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 632-құжат).
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жарлығы:
1) Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) жедел-іздестіру, анықтау және алдын ала тергеу қызметін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру бойынша;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Академия таратылғаннан кейін күші жойылатын Қаржы полициясы академиясына қатысты нормалар мен ережелерді қоспағанда, күшін жояды.
Ескерту. Ескертпеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2015 N 15 Жарлығымен.