Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 872 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат; 2003 ж., № 8, 79-құжат; № 49, 558-құжат; 2005 ж., № 32, 424-құжат; 2007 ж., № 3, 35-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; № 44, 495-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақтың 11) тармақшасындағы «өндіру болып табылады.» деген сөздер «өндіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) электр моторлары, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратурасының өндірісі;
      13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптар өндірісі;
      14) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
      2) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат; 2008 ж., № 41, 455-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы басым қызмет түрлері:
      1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары өндірісі;
      2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдары өндірісі;
      3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім өндірісі;
      4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар өндірісі;
      5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар өндірісі;
      6) кілемдер мен кілем бұйымдары өндірісі;
      7) ағаш ұнтағы массасы мен целлюлоза өндірісі;
      8) қағаз және қатырма қағаз өндірісі;
      9) теріні енінен тілу мен илеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімі өндірісі;
      10) жазу қағазы бұйымдары өндірісі болып табылады.»;
      3) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) металлургия өнеркәсібі;
      2) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі;
      3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі;
      4) автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі;
      5) компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар өндірісі;
      6) электр жабдықтары өндірісі;
      7) химия өнеркәсібі өнімдері өндірісі;
      8) резеңке мен пластмасса бұйымдары өндірісі;
      9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
      10) гидравликалық жабдықтар өндірісі;
      11) өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен қақпақшалар өндірісі;
      12) өзге де шүмектер мен бұрандалар өндірісі;
      13) подшипниктер, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтері мен жетектер өндірісі;
      14) плиталар, пештер мен пеш оттықтары өндірісі;
      15) көтеру және тасымалдау жабдықтары өндірісі;
      16) қол электр құралдары өндірісі;
      17) өнеркәсіптік тоңазыту мен желдету жабдықтары өндірісі;
      18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттары өндірісі;
      19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықтар өндірісі;
      20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындарды өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдықтары өндірісі;
      21) центрифугаларды (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) өндірісі;
      22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суытуға арналған сумен суыту бағандары өндірісі;
      23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасы өндірісі;
      24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
      25) өзге де металл өңдейтін станоктар өндірісі;
      26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      27) тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техникалар өндірісі;
      28) тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі;
      29) тоқыма, тігін, үлбір мен тері бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтар өндірісі;
      30) қағаз бен қатырма қағаз дайындауға арналған техникалар өндірісі;
      31) резеңкені, пластмасса мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндірісі болып табылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев