Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 561 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
      Президентінің  
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 561 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3-тармағы);»;
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің және Республикалық ұланның тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Республикалық ұлан қолбасшысының кабинеттеріне қойылады, әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мен Республикалық ұланның қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының, Республикалық ұлан қолбасшысының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін.».
      2. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын
лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2011 ж., № 31, 388-құжат; 2012 ж., № 49, 666-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлыққа № 3 қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлыққа № 10 қосымша алып тасталсын.
      3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29,
362-құжат; 2006 ж., № 23, 229 құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 743-құжат):
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:      

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Президент

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Президент

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы»;

      мына: 

«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары

Қорғаныс министрі


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы»

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарлары - Ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы»;

      мына:

«Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*»;

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
      17-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы - Ішкі
әскерлер комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, өңірлік
қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары;»;
      19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;».
      4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      5. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Бас қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.
      28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас Қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.».
      6. «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:
      «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде:
      «Медальдар» деген кіші бөлімде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті:
      I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін».»;
      «Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті:
      1) I, II дәрежелі «Ішкі әскерлер қызметінің үздігі»;
      2) «Үздік спортшы-жауынгер»;
      3) І, II дәрежелі «Спортшы-жауынгер».»;
      «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі -Сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің медальдары» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитетінің медалі»;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері».
      7. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 292 өкімінде:
      1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы
Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамында:
      «Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы»;
      2) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы
Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының құрамында:
      «Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабтың бастығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабтың бастығы».

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 561 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына 
3-ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
ТІЗБЕСІ

      Ішкі істер министрі      - полиция генерал-полковнигі

      Министрдің бірінші       - полиция генерал-лейтенанты
      орынбасары

      Министрдің орынбасары    - полиция генерал-майоры

      Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы       - генерал-лейтенант
      - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

      Ішкі әскерлер Бас                  - генерал-майор
      қолбасшысының бірінші орынбасары
      - Бас штаб бастығы - Ішкі әскерлер
      комитеті төрағасының орынбасары

      Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының    - генерал-майор
      орынбасары - Ішкі әскерлер комитеті
      төрағасының орынбасары
      (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс,
      тыл мәселелерімен айналысатын
      орынбасарын қоспағанда)

      Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылық  - генерал-майор
      қолбасшысы

      Өңірлік қолбасшылық                - генерал-майор
      қолбасшысының бірінші
      орынбасары - штаб бастығы

      Қылмыстық-атқару жүйесі            - әділет генерал-майоры
      комитетінің төрағасы

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының - полиция генерал-майоры
      Терроризмге қарсы орталығындағы
      өкілетті өкіл

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының - полиция генерал-майоры
      аумағындағы Ұйымдасқан қылмысқа
      және қылмыстың өзге де қауіпті
      түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
      жөніндегі бюродағы өкілетті өкіл

      Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,  - полиция генерал-майоры
      Қарағанды, Қостанай, Павлодар,
      Оңтүстік Қазақстан облыстарының,
      Астана және Алматы қалаларының
      ішкі істер департаменттерінің
      бастықтары

      Академия бастығы                  - полиция генерал-майоры