Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 124 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс (үзінді)    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж, № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 37, 309-құжат; № 51, 466-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) Мемлекет басшысына ұсыныстар тұжырымдау мақсатында елдің орталық атқарушы органдарының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын қарау;»;
      «6-1) қорғанысқа, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бағытталатын республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдалануын бақылаудың нәтижелерін талдау;»;
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) орталық атқарушы органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын қарағаннан кейін Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізеді;»;
      3) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
      мына:
«

Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Қаржы министрі

Кеден бақылау комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

                                                                   »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Кеден бақылау комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы,
Қаржы министрі

                                                                   »;
      4) «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне:
      жоғарыда аталған өкімге 1-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      жоғарыда аталған өкімге 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:
      мына:
      «Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары»;
      жоғарыда аталған өкімге 3-қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2011 жылғы 22 шілдедегі  
№ 124 Жарлығына      
1-ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 386 өкіміне       
1-ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздік
стратегиясы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
      Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
      Бас прокурор
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
      Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің (қаржы полициясының) төрағасы
      «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
      Сыртқы істер министрі
      Қорғаныс министрі
      Ішкі істер министрі
      Әділет министрі
      Білім және ғылым министрі
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Төтенше жағдайлар министрі
      Экономикалық даму және сауда министрі
      Дін істері агенттігінің төрағасы
      Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
      Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
      Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2011 жылғы 22 шілдедегі  
№ 124 Жарлығына      
2-ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы    
Президентінің        
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 386 өкіміне        
3-ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жедел ден
қою мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
      Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
      «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
      Сыртқы істер министрі
      Қорғаныс министрі
      Ішкі істер министрі
      Төтенше жағдайлар министрі
      Президенттің Баспасөз хатшысы