Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 75 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігінде «5900,9» деген цифрлар «7092,9» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2011 жылғы 6 мамырдағы  
№ 75 Жарлығына       
ҚОСЫМША         

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2001 жылғы 29 маусымдағы 
№ 645 Жарлығымен    
бекітілген       
«Астана - жаңа қала»  
арнайы экономикалық   
аймағы туралы ережеге  
ҚОСЫМША         

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы
шекарасының жоспары