Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қоса беріліп отырған жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Александрович Марченкоға 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы хаттамаға, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.21. N 812 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 17 қарашадағы
N 691 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі
және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі
мен олардың мәртебесі туралы келісімге толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің 24-бабын негізге ала отырып,
"Байқоңыр" кешенінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып,
екі мемлекеттің мүдделерін өзара құрметтеу қағидатына сүйене отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің 13-бабына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. 1-тармақ "басқа да банктері" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары" деген сөздермен
толықтырылсын.
2. 2-тармақта:
1) мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істейтін шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары да өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
2) үшінші абзац алып тасталсын;
3) бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасы банктерінің және шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаларының қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.".
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2008 жылғы "__"__________ ______________ қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін