Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 623 Жарлығы

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат; 2004 ж., N 51, 670-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

      бүкіл мәтін бойынша "-бап" деген сөз алып тасталсын;

      36-баптағы "бабының" деген сөз "тармағының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      47-бапта:
      бірінші бөлік "консулдық іс-әрекет үшін" деген сөздерден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде белгіленетін тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Консулдық алымның ставкалары, оны алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес белгіленеді.";

      49-бап алып тасталсын;

      50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Консулдық алымдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджетіне есепке алынады.";

      51-бап алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев