Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 3 тамыздағы N 373 Жарлығы

Қолданыстағы

        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа N 8  қосымшада "Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (мемлекеттік өртке қарсы қызмет мәселелерін басқаратын) - ішкі қызмет генерал-майоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы - ішкі қызмет генерал-майоры".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті