Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 352 Жарлығы

Қолданыстағы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "4842,3" деген цифрлар "5440,4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      көрсетілген ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2007 жылғы 21 маусымдағы 
N 352 Жарлығына     
Қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2001 жылғы 29 маусымдағы  
N 645 Жарлығымен бекітілген 
"Астана - жаңа қала"    
арнайы экономикалық аймағы 
туралы ережеге       
Қосымша          

"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы
шекарасының жоспары

(Картаны қағаз мәтіннен қараңыз)