Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығы.

Қолданыстағы

      Президент пен Үкіметтің актілер

      жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

      Мемлекеттің тиімді ғылыми-технологиялық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ) құрсын;

      2) екі апта мерзімде:

      "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумды бекітуді;

      акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Самғау" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталына төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;

      3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті