Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 240 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 326 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.11 № 326 Жарлығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының  10-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі туының;

      2) Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі нышанының сипаттамалары бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2007 жылғы 8 қаңтардағы 
N 240 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

  Қазақстан Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі туының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы (бұдан әрі - ту) қара көк түсті тік бұрышты мата болып табылады.
      Тудың ортасында Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі нышанының бейнесі орналасқан.
      Тудың шеті алтын сары түсті шашақпен көмкеріліп, сапқа бекітіледі. Саптың ұштығы найза нысанында жасалған, оған алтын сары түсті екі шашағы бар өрілген бау бекітілген.
      Тудың графикалық бейнесі қоса беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2007 жылғы 8 қаңтардағы        
N 240 Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы        
әділет органдары қылмыстық-атқару  
жүйесі нышанының сипаттамасына    
ҚОСЫМША               

  Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесі нышанының графикалық бейнесі
(қағаз мәтіннен қараңыз)

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2007 жылғы 8 қаңтардағы 
N 240 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

  Қазақстан Республикасының әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесі нышанының
СИПАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің нышаны (бұдан әрі - нышан) ұлттық елтаңбатану нышандарының тұрпаттамалық элементтеріне құрылған және сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін білдіреді.
      Нышанның орталық бөлігінде сегіз қырлы жұлдыз ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің Қазақстан Республикасының әділет органдарына тиістілігін білдіретін негізгі сәйкестік нышан ретінде таразы орналасқан.
      Сегіз қырлы жұлдыз қорған мен сенімділікті бейнелейтін тұйық контурды білдіретін көлемді элемент ретінде бейнеленген және тазаруды, қайта өрлеуді білдіретін шұғылалы күн сәулесі аясында орналасқан.
      Сегіз қырлы жұлдыз астында "ҚАЗАҚСТАН" деген мемлекеттік тілдегі жазуы бар лента орналасқан.
      Барлық композиция алтын сары түске боялған төрт үшкір ұштықты семсердің қиысқан жеріндегі үлкен сегіз қырлы жұлдызда орналасқан.
      Нышанның орталық композициясы жоғары жағында "ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ", төменгі жағында - "ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ" деген мемлекеттік тілдегі алтын сары түсті жазба орналасқан қара көк түсті сақинамен жиектелген.
      Сақинамен жиектелген композиция шеттері алтын сары түсті ернеумен көмкерілген көгілдір көк түсті сегіз қырлы жұлдыз аясында орналасқан. Сегіз қырдың ішкі бұрыштары көк жиекті алтын түстес сегіз қырлы жұлдыздың ұштарымен толтырылған.
      Нышанның көгілдір көк, қара көк және алтын түстері PANTONE Халықаралық түстер атласының 3125 С және 810 С нөмірлеріне сәйкес келеді.
      Нышанның графикалық бейнесі қоса беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2007 жылғы 8 қаңтардағы        
N 240 Жарлығымен бекітілген      
Қазақстан Республикасы        
әділет органдары қылмыстық-атқару  
жүйесі нышанының сипаттамасына    
ҚОСЫМША               

  Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесі туының графикалық бейнесі
(қағаз мәтіннен қараңыз)