Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығы

Жаңартылған

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс 

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
      2) Агенттiктiң құрылымы;
      3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.04.27 № 977 Жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж.,  N 26, 212-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 344-құжат; N 48, 590-құжат; 2005 ж., N 16, 189-құжат; N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; N 49, 623-құжат; 2006 ж. N 7, 50-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi                         100";
      2) "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 38-құжат):
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік орган ретiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 166 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы
орталығының қызметiн реттеу агенттiгi туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының (бұдан әрi - қаржы орталығы) жұмыс iстеуiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңына, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк мемлекеттiк тiлде өз атауы көрсетiлген мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары бар мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
      Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
      Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      4. Агенттiк туралы ереженi, сондай-ақ оның құрылымын және штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      5. Агенттiктiң заңды мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.04.27 № 977 Жарлығымен.
      6. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне орай кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде Агенттiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi

      9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңында айқындалған мемлекеттiк өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
      қаржы орталығын одан әрi дамыту болып табылады.

3-тарау. Агенттiктiң негiзгi функциялары мен өкiлеттiктерi

      10. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу);
      1-1) қаржы орталығына қатысушыларды аккредиттеу; V095633
      2) қаржы орталығында қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының аумағына келетiн шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен виза беру туралы қолдаухат;
      3) қаржы орталығының қатысушыларына қызметкерлердi iрiктеуде жәрдем көрсету;
      4) қаржы орталығына қатысушыларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру;
      5) қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк бақылау;
      6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы орталығының атынан өкiлдiк ету;
      7) қаржы орталығына қатысушылардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      8) қаржы орталығында еңбек қызметiн жүзеге асырып жатқан шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiретiн орталық атқарушы орган белгiлеген нысанда Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органына шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы тоқсан сайын ақпарат ұсыну;
      9) Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2007.09.21 N 414 Жарлығымен.
      10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21 N 414 Жарлығымен.
      11. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды іске асыру үшiн мынадай өкiлеттiктерге ие:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi, статистикалық карточкаларды, салық төлеушiнiң куәлiгiн беру;
      1-1) қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттелу туралы  куәліктер беру;
      2) қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) ережелерiн бекiту;
      2-1) Қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу ережесін бекіту;
      3) үшiншi тұлғалармен қатынастарда қаржы орталығының атынан өкiлдiк ету;
      4) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
      5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тiзiмiне қосу көзделiп отырған немесе қосылған эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгiлеу;
      6) рейтингтiк бағаларын Агенттiк мойындайтын рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн бекiту;
      7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберу үшiн бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерiнiң рейтингтiк бағаларына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген қаржы құралдары эмитенттерiнiң аудитiне жұмсалған шығындарды өтеу;
      9) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
      10) қаржы орталығы мойындайтын қор биржаларының тiзбесiн белгілеу;
      11) қаржы орталығымен өзара іс-қимыл жасау мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң қор биржаларымен келiсiмдер жасасу;
      12) қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауы мәнiне тексерулер жүргiзу;
      13) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiне енгізудiң және одан шығарудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
      14) Алматы қаласының аумағында қаржы орталығының арнайы сауда алаңы жұмыс iстейтiн қор биржасын айқындау;
      15) қаржы орталығының органдарын қоспағанда, қаржы орталығына қатысушылар мемлекеттiк органдарға ұсынатын құжаттаманы қажет болған жағдайда ағылшын тiлiнен мемлекеттiк тiлге және орыс тiлiне аударуды жүзеге асыру;
      16) қаржы орталығына қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 550-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      17) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржы орталығына қатысушылардың салық есептiлiгiн растауға уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың тiзбесiн айқындау;
      18) статистика жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жүргiзiлгенi туралы хабарламаның нысанын және оны мемлекеттiк статистика органдарына табыс ету тәртiбiн бекiту.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21 N 414 Жарлығымен.

4-тарау. Агенттiктiң мүлкi

      12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Мемлекеттік органның мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады.
      13. Агенттiкке бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
      14. Агенттiктiң өзiне бекiтiлген мүліктi өз бетiмен иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Агенттiктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның өз ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екі орынбасары болады.
      16. Төраға Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және Агенттiктiң қызметi үшiн дербес жауапты болады.
      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) Агенттiкке басшылық жасауды жүзеге асырады;
      1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Агенттік атынан өкілдік етеді;
      2) үшiншi тұлғалармен қатынаста уәкiлеттi органның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
      4) өз орынбасарларының және Агенттiктiң бөлiмше басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды;
      5) өз өкiлеттiктерi шегiнде қызметкерлер орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Агенттiктiң штат кестесiн бекiтедi;
      7) Агенттiктiң жұмыс регламентін және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      7-1) Агенттіктің алқасы туралы ережені бекітеді және оның құрамын анықтайды;
      8) Агенттiктiң мүддесiн бiлдiру үшiн Агенттiктiң қызметкерлерiне сенiмхаттар бередi;
      9) Агенттiк атынан шарттар жасасады;
      10) Агенттiктiң қаржылық және өзге де есептiлiгiне қол қояды;
      11) Агенттiк қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалар қолданады;
      12) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттiк қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.09.21 N 414 Жарлығымен.
      17-1. Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауаптылықта болады.
      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.04.27 № 977 Жарлығымен.
      18. Агенттiктiң Төрағасы орнында болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Төрағаның бұйрығы бойынша орынбасарларының бiрi атқарады.
      19. Агенттiк әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтiң бухгалтерлiк есебiн өз бетiмен жүзеге асырады.
      20. Агенттiктiң жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Халықаралық кеңес құрылады.
      21. Халықаралық кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      қаржы орталығының қызметiне қатысты мәселелерде әлемдiк тәжiрибенi қолдану жөнiнде ұсынымдарды тұжырымдау;
      Төрағаға Агенттiктiң басшы лауазымдарына үмiткерлердi ұсыну;
      қаржы орталығын дамыту стратегиясын әзiрлеуге қатысу болып табылады.
      22. Халықаралық кеңес құрамына қаржы секторының жетекшi сарапшылары кiредi. Шетелдiктер Халықаралық кеңестiң мүшелерi бола алады.
      23. Халықаралық кеңес мүшелерiнiң қызметi Агенттiктi қаржыландыруға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      24. Халықаралық кеңестiң ережесiн, оны құру тәртiбiн және қызметiн Агенттiк айқындайды.

6-тарау. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 166 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы
орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Тiркеу департаментi
      Даму департаментi
      Әкiмшілiк-қаржы департаментi
      Заң басқармасы
      Үйлестіру басқармасы - өкілдік (Астана қаласы)

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2006 жылғы 28 тамыздағы
№ 166 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Жарлық тізбемен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.04.27 № 977 Жарлығымен.

      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.