"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, "Байқоңыр" кешенiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және заңдық құзыретiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған "Байқоңыр" кешенiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
3. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы Өкiлi туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 2955 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 15, 118-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 25 шiлдедегі N 155
Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Байқоңыр" кешенiндегi арнаулы өкiлi туралы ереже
Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, "Байқоңыр" кешенi жөнiнде қазақстандық-ресейлiк уағдаластықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" кешенiндегi арнаулы өкiлiнiң мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiн айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" кешенiндегi арнаулы өкiлi (бұдан әрi - арнаулы өкiл) оны жалға беру жағдайында Қазақстан Республикасының заңдық құзыретiн және Байқоңыр қаласының аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтауға байланысты қазақстандық-ресейлiк уағдаластықтарында айқындалған мәселелер бойынша "Байқоңыр" кешенiнде мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлдi лауазымды адамы болып табылады.
2. Арнаулы өкiл мемлекеттiк саяси қызметшi болып табылады. Арнаулы өкiлдi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Арнаулы өкiл Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей есеп бередi.
3. Арнаулы өкiл өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Президент Әкiмшiлiгi Басшысының актiлерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Арнаулы өкiлдiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
2. Арнаулы өкiлдiң негiзгi мiндеттерi
5. Арнаулы өкiлдiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi қағидаларын "Байқоңыр" кешенiнде орналасқан қазақстандық мемлекеттiк билiк органдарының iске асыруы жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
2) "Байқоңыр" кешенiнде жұмыс iстейтiн қазақстандық мемлекеттiк органдардың қызметiне Қазақстан Республикасының заңдық құзiретiн және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде, оның iшiнде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актiлерiнiң орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Президентiне "Байқоңыр" кешенiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ өңiрдегi саяси, әлеуметтiк және экономикалық жағдай туралы үнемi баяндамалар ұсынып отыру болып табылады.
6. Арнаулы өкiл өз қызметiнде Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi қосалқы комиссиясымен, "Байқоңыр" кешенiнiң Үйлестiру кеңесiмен, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттiк органдарымен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгiнiң басшысымен, "Байқоңыр" кешенiнде өз қызметiн жүзеге асыратын басқа да мемлекеттердiң органдары және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
8. Арнаулы өкiл "Байқоңыр" кешенiнде:
1) "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы келiсiмдi, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру
шартын
және "Байқоңыр" кешенi туралы басқа да халықаралық шарттарды iске асыруға;
2) "Байқоңыр" кешенiнде тұратын әрi жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiнде "Байқоңыр" кешенi инфрақұрылымының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында өзара түсiнiстiктi нығайтуға, ынтымақтастықты дамытуға;
3) "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттық-құқықтық базаның мониторингiн жүргiзуге бағытталған стратегиялық шараларды жүзеге асыру жөнiндегi үйлестiрушi болып табылады.
3. Арнаулы өкiлдiң функциялары
9. Арнаулы өкiл өзiне жүктелген мiндеттердi атқару мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) азаматтар мен ұйымдардың Конституцияның, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi. Арнаулы өкiл қажеттi жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi лауазымды адамдардың ауызша түсiнiктемелерiн тыңдайды әрi жазбаша түсiнiктемелерiн талап етiп алдырады, Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентi актiлерi бұзылған ретте қалпына келтiруге, сақталмауына жол бермеуге шаралар қолданады;
2) "Байқоңыр" кешенiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мекемелерiнiң қызметiне жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
3) "Байқоңыр" кешенiндегi қазақстандық мемлекеттiк органдар, мекемелер және мемлекеттiк қатысу үлесi бар ұйымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне талдау жасайды, Қазақстан Республикасының Президентiне және Президент Әкiмшiлiгiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi;
4) қоғамдық пiкiрдi зерделейдi, өңiрдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың дамуына болжам жасайды;
5) Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын өздерiне жүктелген функцияларды тиiсiнше орындамағаны және Қазақстан Республикасының заңдық құзыретiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шараларды қолданбағаны үшiн жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) "Байқоңыр" кешенiнде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн олардың өтiнiштерiн қарауды ұйымдастырады;
7) мемлекеттiк органдардың Байқоңыр қаласы Әкiмшiлiгiмен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының Президентiне жекелеген адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, тиiстi адамдарға құрметтi және өзге де атақтар беру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
9) Қазақстан Республикасының Президентi тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын тапсырады;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне "Байқоңыр" кешенiнiң мәселелерi бойынша ұсыныстар бередi;
11) Қазақстандық мемлекеттiк және мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының ғарыш қызметiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының iске асырылуына жалпы үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
12) орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдардың "Байқоңыр" кешенi мүддесiне қатысты шешiмдерiнiң жобасына келiсiмiн бередi.
4-тарау. Арнаулы өкiлдiң құқықтары
10. Арнаулы өкiлдiң:
1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды адамдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар. Орталық мемлекеттiк органдар және лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болып табылатын қажеттi ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар, егер арнаулы өкiл өзге мерзiм белгiлемесе, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi белгiлеген жетi күн мерзiмде табыс етiледi;
2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiнiң орындалуы, сонымен қатар мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асу барысы туралы тексерулер ұйымдастыруға;
3) "Байқоңыр" ғарыш кешенiнде орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында "Байқоңыр" ғарыш кешенiнiң тыныс-тiршiлiгiне қатысты мәселелер бойынша iстiң жай-күйiне талдау жасау үшiн Қазақстан Республикасының бақылау-қадағалау органдары мен олардың аймақтық құрылымдарын тексеру жүргiзуге тартуға;
4) мемлекеттiк, оның iшiнде үкiметтiк байланыс пен коммуникация жүйесiн пайдалануға;
5) арнаулы өкiлдiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтiк жазбахат алысуға;
6) арнаулы өкiлдiң құзыретiне жататын мәселелердi шешуге атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ ұйымдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң өкiлдерiн, ғалымдар мен мамандарды қатыстыруға, оның iшiнде шарттық негiзде де тартуға;
7) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мәжiлiстерiне, орталық атқарушы органдардың, Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың алқа мәжiлiсiне, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың жұмысына қатысуға;
8) қажеттi жағдайларда "Байқоңыр" кешенiнiң тыныс-тiршiлiгiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарының қолданыстағы актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар келтіруге;
9) Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiнiң, агенттiктерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдары өкiлдерiнiң қатысуымен кеңестер өткiзуге, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенiндегi олардың қызметiмен байланысты iс-шараларға қатысуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдық құзыретiн және "Байқоңыр" кешенiнде тұратын немесе жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету бөлiгiнде Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгi басшысынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiнде жұмыс iстейтiн басқа да мемлекеттiк органдарынан, кәсiпорындарынан, ұйымдарынан және лауазымды адамдарынан ақпарат сұратуға және алуға;
11) Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi қосалқы комиссиясының қарауына ұсыныстар енгiзуге;
12) Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi қосалқы комиссиясының және "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi Үйлестiру кеңесi отырыстарының құжаттарын, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкiмшiлiгi басшысының қажеттi нормативтiк құқықтық актiлерiн және Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiне қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн сұратуға;
13) режим мен қауiпсiздiктiң тиiстi талаптарын сақтай отырып, "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерi мен алаңдарында болуға;
14) "Байқоңыр" кешенiндегi жағдай туралы Қазақстан Республикасының Президентiне уақытылы және толық ақпарат беру мақсатында арнаулы өкiл "Байқоңыр" кешенiнде жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарына тиiстi тапсырмалар беруге;
15) Әкiмшiлiк Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша Президент Әкiмшiлiгiнiң құзыретi шегiнде өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Арнаулы өкiлдiң қызметiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
11. Арнаулы өкiлдiң қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.
12. Арнаулы өкіл:
1) алға қойған мiндеттердiң орындалуына жауапты болады, еңбектi ұйымдастыру мен тиiстi еңбек тәртiбiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ iс жүргiзу барысына Президент Әкiмшiлiгiнiң талаптарына сәйкес жауап бередi;
2) өз аппаратының қызметiне басшылық жасайды;
3) аппарат қызметкерлерiнiң қызметтiк нұсқаулықтарын бекiтедi;
4) өз құзыретiнiң шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды.
13. Арнаулы өкiл аппаратының қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметкерлерi болып табылады.
Арнаулы өкiл аппаратының әкiмшiлiк қызметкерлерiне марапаттау және тәртiптiк шаралар қолдануды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.