Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 және 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1679 Жарлығы

Қолданыстағы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702  Жарлығына :

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Арқарова Жаңылсын Баянқызы - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотының төрайымы,
      Әміров Иран Әмірұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрі,
      Бәйішев Жолымбет Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы,
      Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
      Көбеев Еркін Қинаятұлы - Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры тағайындалсын;

      Омаров Алтай Сәттібайұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын;

      "Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы";

      "Хитрин Юрий Александрович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы" деген жол алынып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан Е.Ж.Жұмабаев, О.И.Жұмабеков, Р.С.Қуанышбаева, Л.Г.Полторабатько, М.Қ.Сабырбаев, Д.Т.Шантаев шығарылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы ереженің 16-тармағында "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары,
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрі,
      Ақылбеков Серік Секербайұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы болып енгізілсін;

      мына жолдар:

"Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы              Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                              Мемлекеттік-құқық басқармасының
                              бастығы, төрағаның орынбасары",

"Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасының
Зауытбек Қауысбекұлы          Ішкі істер министрі"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы              министрі",

"Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Зауытбек Қауысбекұлы          қызмет істері агенттігінің төрағасы";

      аталған Комиссияның құрамынан Ғ.Р.Әбдірахымов, О.И.Жұмабеков, В.Д.Федотов, О.Ч.Червинский шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті