"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтіні бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 7 сәуірдегі
N 1547 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдары
қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының
анты
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы әділет органдарының
қылмыстық-атқару жүйесіне
қызметке кіре отырып:
Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;
Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заңнамасын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық және әділдік қағидаттарын ұстануға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының
конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеуге;
өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби шеберлікпен атқаруға, Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің абыройын қастерлеуге;
мемлекеттік
және
қызметтік
құпияны қатаң сақтауға серт беріп, салтанатты түрде ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған антымды бұзсам, онда Қазақстан Республикасының
заңдарында
белгіленген жауапкершілікте болуға дайынмын.
20 жылғы __________ _______________
(қолы)