Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Кеңес құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекiтілсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат, N 46, 502-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) 1-тармақ алынып тасталсын;
      2) 4-тармақта "осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетiлген "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженiң 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Ереженiң 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1509 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң құрамы
(қызметi бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президентi - Кеңес төрағасы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы
      (келiсiм бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы
      (келiсiм бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігінiң Басшысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп
      комитетiнiң Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрi

      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
      министрi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң      
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1509 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiн , сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
      3. Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары

      4. Кеңестiң негізгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) пайдалану мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      5. Кеңестiң функциялары:
      1) Қорды қалыптастырудың және пайдаланудың тиiмділігін арттыру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
      2) Қорды пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
      3) материалдық емес активтердi қоспағанда, Қорды орналастыру үшiн рұқсат етілген шетелдік қаржы құралдарының тiзбесi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. P090066
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.11.04. N 208 жарлығымен.

3. Кеңестiң құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және өз құзыреті шегiнде:
      1) Қор қызметiнiң мәселелерiн талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерiн тартуға;
      2) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы тиiсті шешiмдер қабылдауға құқығы бар.

4. Кеңестiң қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестi төраға басқарады.
      8. Кеңес төрағасы:
      1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарын өткiзетiн орынды және уақытты белгiлейдi;
      3) Кеңес отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бiрi төрағалық етедi;
      4) Кеңес мүшелерiне орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi.
      9. Кеңес мүшелері:
      1) Кеңес жұмысының жоспары, оның отырыстарының күн тәртiбi мен мәселелердi талқылау тәртiбi бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Кеңес отырыстарына материалдар, оның шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға;
      3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелердi талқылауға қатысуға құқылы.
      10. Кеңестiң отырыстары қажеттілігіне қарай және Кеңестің төрағасы анықтайтын мерзiмдерде, кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi және хаттамамен ресiмделедi. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң үштен eкici болған кезде заңды. Кеңес мүшелерінің өздерiнiң өкілеттіктерiн өзге лауазымды тұлғаларға беруiне жол берiлмейдi.
      11. Кеңестің шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң отырысына қатысқандардың жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең бөлiнген кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
      12. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлігі болып табылады.