Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 1302 Жарлығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының  4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"  2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының  1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына  сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 702 Жарлығымен  құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Тоқболатов Ибраһим Тілеуұлы,
      Алматы қалалық сотының төрағасы Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы,
      Қызылорда облыстық сотының төрағасы Есжанов Мұхтар Есіркепұлы,
      Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Серекбаев Ермек Қуандықұлы тағайындалсын;

      Жалмұхамбетов К.Ж., Айсин Т.С., Нұрбеков М., Тәшенова А.К. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті