Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 қыркүйектегі N 1189 Жарлығы

Қолданыстағы

"Актілер жинағында" және 
республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының  3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының  1-тармағына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы абзац алынып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі";
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі;
      Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті