"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070274
      1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.08.01 N 1624, 2008.11.28 N 702 Жарлықтарымен.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
      2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.
      3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң    
2002 жылғы 26 сәуiрдегi 
N 853 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. АЭА республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылық байланыстар жүйесiне белсендi енуi, тиiмдiлiгi жоғары, соның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн өңірді жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
      3. АЭА-ның қазіргі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі ҚР-ның Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) электр-тұрмыстық аспаптар өндіру;
      2) былғары және оған жататын өнім өндіру;
      3) химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру;
      4) рәзеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
      5) өзге бейметалл минералдық өнімдер өндіру;
      6) металлургия өнеркәсібі;
      7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
      8) машиналар мен жабдықтар өндіру;
      9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
      10) қоймалық шаруашылық және қосалқы көлік қызметі;
      11) негізгі фармациялық өнімдер мен препараттар өндіру;
      12) электр моторлары, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратурасының өндірісі;
      13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптар өндірісі;
      14) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.07.2014 № 872 Жарлығымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.
      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.
      11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 26 сәуірдегі     
№ 853 Жарлығымен бекітілген   
«Ақтау теңіз порты» арнайы    
экономикалық аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША              

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының
ЖОСПАРЫ

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 2000 га

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2002 жылғы 26 сәуірдегі
№ 853 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің
нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол
жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.


р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2003 – 2011)

2012 жылға қарай қол жеткізу

2017 жылға қарай қол жеткізу

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жалпы инвестиция көлемі, соның ішінде:

млрд. теңге

21,30

21,25

20,00

30

25

35

30

40

35

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

8,1

7,9

7,0

10

8

13

9

18

23

2)

отандық инвестиция  көлемі

млрд. теңге

13,2

13,35

13,0

20

17

22

21

22

12

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

193,16

192,5

188,5

270,34

225,18

315,2

270,34

360,28

315,2

3.

Қатысушылар саны

компаниялар

18

30

20

40

35

47

42

55

48

4.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

669

660

580

1500

1200

2000

1800

2500

2300

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні

%

50,4

50

50

50

50

50

50

50

50