Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 жарлығы

Жаңартылған

Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға
тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2002 жылғы 2 сәуірдегі 
N 839 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.02.27. N 1032 жарлығымен.
      5. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

      6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
      3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
      7. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;
      3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;
      4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
      5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын  орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;
      6) <*>
      7) қажетті жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмалар беруі немесе қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығаруы туралы ұсыныстар енгізуге хақылы.
      Ескерту. 6)-тармақша алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.02.27. N 1032 жарлығымен.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
      9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      11. Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      12. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;
      2) оның отырыстарында төрағалық етеді;
      3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты
есеп береді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.
      13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
      14. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
      2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
      4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды;
      5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
      15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның
жүктелген міндеттерді орындауына жәрдесуге міндетті.
      16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi болып табылады. 
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.09.24. N 951 жарлығымен.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
2002 жылғы 2 сәуірдегі  
N 839 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің
қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.02.27. N 1032 жарлығымен.
      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.03.26. N 1320 жарлығымен .

Әбдікәрімов               - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай                     хатшысы, Комиссия төрағасы

Рогов                     - Қазақстан Республикасы Президенті
Игорь Иванович              Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                            Мемлекеттік-құқық бөлімінің
                            меңгерушісі, Комиссия төрағасының
                            орынбасары

Федотов                   - Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық
Виктор Данилович            бөлімінің мемлекеттік инспекторы,
                            Комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелері:

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы     қызмет істері жөніндегі агенттігінің
                            төрағасы

Әкімбеков                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Назымбек Қыздарбекұлы       министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық
                            тәртібі бөлімінің меңгерушісі

Ахметов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қабдығали                   Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Досаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы         министрі

Доскен                    - "Қазақстан" Республикалық
Ғалым Төлембекұлы           телерадиокорпорациясы" ЖАҚ басқарма
                            төрағасы (келісім бойынша)

Дүтбаев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы            қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Жалыбин                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сергей Михайлович           Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жұмабеков                 - Қазақстан Республикасының
Оңалсын Исламұлы            Әділет министрі

Қалмырзаев                - Қазақстан Республикасының
Сарыбай Сұлтанұлы           Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
                            қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
                            агенттігінің төрағасы

Өксікбаев                 - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы           бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                            төрағасы

Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Зауытбек Қауысбекұлы        министрі

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының Бас
Рашид Төлеутайұлы           прокуроры

Червинский                - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Чеславович             газеті" ААҚ президенті (келісім
                            бойынша)