Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 жарлығы

Жаңартылған

  Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға
тиіс

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын. 
      2. Қоса беріліп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже; 
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін. 
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2002 жылғы 2 сәуірдегі  
N 839 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
      2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады. 
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
      4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.02.27. N  1032  жарлығымен.
      5. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

  2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

      6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу; 
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау; 
      3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау. 
      7. Комиссия өз құзыреті шегінде: 
      1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға; 
      2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға; 
      3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға; 
      4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға; 
      5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  Заңын  орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге; 
      6)  алып тасталды
      7) қажетті жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмалар беруі немесе қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығаруы туралы ұсыныстар енгізуге хақылы. 
       Ескерту. 6)-тармақша алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.02.27. N  1032  жарлығымен.

  3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін. 
      9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. 
      10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 
      11. Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. 
      12. Комиссия төрағасы: 
      1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды; 
      2) оның отырыстарында төрағалық етеді; 
      3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты
есеп береді; 
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы. 
      13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады. 
      14. Комиссия хатшысы: 
      1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді; 
      2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 
      3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді; 
      4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды; 
      5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де
функцияларды жүзеге асырады. 
      15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның
жүктелген міндеттерді орындауына жәрдесуге міндетті. 
      16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі болып табылады.  
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.09.24. N  951 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.15. N  1504 , 2005.11.30. N  1679  жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2002 жылғы 2 сәуірдегі   
N 839 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН       

  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің
қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ 

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.02.27.  N 1032 , 2004.03.26. N  1320 , өзгеріс енгізілді 2004.12.15. N  1504 , 2005.11.30. N  1679 , 2006.09.19. N  178  жарлықтарымен.

Әбдікәрімов               - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Оралбай                     хатшысы, Комиссия төрағасы

Имашев Берік              - Қазақстан Республикасы Президенті
Мәжитұлы                    Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары      

Ақылбеков Серік           - Қазақстан Республикасы Президенті
Секербайұлы                 Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот
                            жүйелері мәселелері бөлімінің сектор
                            меңгерушісі, хатшы      

Федотов                   - Қазақстан Республикасы Президентi
Виктор Данилович            Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық
                            басқармасы Құқық қорғау қызметi
                            бөлiмiнiң бас инспекторы

       Комиссия мүшелері:

Әкімбеков                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Назымбек Қыздарбекұлы       министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық
                            тәртібі бөлімінің меңгерушісі

Ахметов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қабдығали                   Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Жалыбин                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сергей Михайлович           Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қалмырзаев                - Қазақстан Республикасының
Сарыбай Сұлтанұлы           Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
                            қылмысқа қарсы күрес жөніндегі
                            агенттігінің төрағасы

Өксікбаев                 - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы           бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                            төрағасы

Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Зауытбек Қауысбекұлы        қызмет істері агенттігінің төрағасы

Түсіпбеков                - Қазақстан Республикасының Бас
Рашид Төлеутайұлы           прокуроры

Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы            министрі 

Балиева Зағипа            - Қазақстан Республикасы Әділет министрі 
Яхияқызы 

Иманғалиев                - "Қазақстан" республикалық
Нұртілеу Иманғалиұлы        телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының
                            төрағасы (келісім бойынша)

Коржова                   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
Наталья Артемовна

Шабдарбаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелді Смағұлұлы         қауіпсіздік комитетінің төрағасы