Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 2 сәуір N 839

Қолданыстағы
                                                Республикалық баспасөзде 

мазмұны жариялануға тиіс


      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының K951000_ 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын 
сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже; 
     2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын 
сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                      Президентінің 
                                                  2002 жылғы 2 сәуірдегі 
                                                     N 839 Жарлығымен 
                                                        БЕКІТІЛГЕН 
     
            Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік 
          қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері 
                     жөніндегі комиссия туралы 
                              ЕРЕЖЕ 
     
                        1. Жалпы ережелер 
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ , заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады.
      5. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

              2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

      6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
      3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
      7. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;
      3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;
      4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
      5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;
      6) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің қызметін үйлестіруге;
      7) қажетті жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмалар беруі немесе

қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін 
шығаруы туралы ұсыныстар енгізуге хақылы. 
     
                   3. Комиссия қызметін ұйымдастыру 
     
     8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет 
өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық 
болуы мүмкін. 
     9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен 
екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру 
құқығынсыз қатысады. 
     10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік 
даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші 
болып табылады. 
     11. Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын 
лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 
шақырылуы мүмкін. 
     12. Комиссия төрағасы: 
     1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды; 
     2) оның отырыстарында төрағалық етеді; 
     3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты есеп 
береді; 
     4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің 
қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де 
мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы. 
     13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары 
атқарады. 
     14. Комиссия хатшысы: 
     1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы 
хабардар етеді; 
     2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады; 
     3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді; 
     4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау 
жасайды; 
     5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды 
жүзеге асырады. 
     15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның жүктелген 
міндеттерді орындауына жәрдесуге міндетті. 
     16. Комиссияның жұмыс органдары Қазақстан Республикасы Президенті 
Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі мен Бас бақылау инспекциясы болып 
табылады. 
     
                                                  Қазақстан Республикасы 
                                                      Президентінің 
                                                  2002 жылғы 2 сәуірдегі 
                                                     N 839 Жарлығымен 
                                                        БЕКІТІЛГЕН 
     
            Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік 
          қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері 
                       жөніндегі комиссияның 
                              ҚҰРАМЫ 
     
     Тоқпақбаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің 
     Сәт Бесімбайұлы             кеңесшісі, Комиссия төрағасы 
     
     Өксікбаев                 - Қазақстан Республикасы Президенті 
     Омархан Нұртайұлы           Әкімшілігінің Бас бақылау 
                                 инспекциясының басшысы, Комиссия 
                                 төрағасының орынбасары 
     
     Меркель                   - Қазақстан Республикасы Президенті 
     Иоган Давидович             Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық 
                                 бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 
                                 Комиссия хатшысы 
     
     Комиссия мүшелері: 
     
     Бұлғақбаев                - Қазақстан Республикасы 
     Болатбек Ақылбайұлы         Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы 
     
     Бурлаков                  - Қазақстан Республикасы Парламенті 
     Леонид Николаевич           Сенатының депутаты 
     
     Дауылбаев                 - Қазақстан Республикасы Бас 
     Асхат Қайзоллаұлы           Прокурорының орынбасары 
     
     Елекеев                   - Қазақстан Республикасының 
     Ирак Қасымұлы               Әділет вице-министрі 
     
     Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы 
     Болат Бидахметұлы           вице-министрі 
     
     Құлекеев                  - Республикалық бюджеттің атқарылуын 
     Жақсыбек Әбдірахметұлы      бақылау жөніндегі есеп комитетінің 
                                 төрағасы 
     
     Мерзадинов                - Қазақстан Республикасының Ішкі 
     Ерғали Серікбайұлы          істер вице-министрі 
     
     Нәрікбаев                 - Қазақ гуманитарлық-заң 
     Мақсұт Сұлтанұлы            университетінің ректоры 
     
     Нұриманов                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық 
     Мақсұт Әнуарбекұлы          қауіпсіздік комитеті Төрағасының 
                                 орынбасары 
     
     Рахметов                  - Қазақстан Республикасының 
     Нұрлан Құсайынұлы           Мемлекеттік кіріс вице-министрі 
     
     Рябченко                  - Қазақстан Республикасының 
     Олег Григорьевич            Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
                                 келісім бірінші вице-министрі 
     
     Сағдиев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті 
     Мақтай Рамазанұлы           Мәжілісінің депутаты, Республикалық 
                                 ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы 
                                 
     
     Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасының 
     Зауытбек Қауысбекұлы        Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 
                                 агенттігінің төрағасы 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.