Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 21 наурыз N 826. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Жарлықтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Z000132_ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Z010203_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қарашадағы N 702 U010702_ Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып;
      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ким Георгий Владимирович, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан босата отырып, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас сарапшысы Шантаев Дәулет Тұрсынұлы тағайындалсын; Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан Б.Ә.Байболов, Т.З.Бердімбетова, Б.Ә.Мұхаметжанов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті