Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 21 наурыз N 826

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Z000132_ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Z010203_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қарашадағы N 702 U010702_ Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып;
      Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ким Георгий Владимирович,

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан 
босата отырып, 
     Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті Қуанышбаева 
Роза Сақтағанқызы; 
     Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып 
     Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық 
бөлімінің бас сарапшысы Шантаев Дәулет Тұрсынұлы тағайындалсын; 
     Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан 
Б.Ә.Байболов, Т.З.Бердімбетова, Б.Ә.Мұхаметжанов шығарылсын. 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.