Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 21 қаңтар N 327

Қолданыстағы

     "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 
23 шілдедегі  

Z990453_

  Заңына сәйкес қаулы етемін: 
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді 
аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін. 
     2. "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен 
шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088  

U963088_

  Жарлығының 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 268-құжат) күші жойылған 
деп танылсын. 
     3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
                                                Қазақстан Республикасы 
                                                     Президентінің 
                                                2000 жылғы 21 қаңтардағы 
                                                    N 327 Жарлығымен 
                                                       бекітілген 
     
          Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан 
                          өткізу ережелері 
     
                         1. Жалпы ережелер 
     


      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі - қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім.
      2. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
      3. Аттестациялауға, жүкті әйелдерді қоспағанда, барлық қызметшілер жатады.
      4. Қызметшiлер мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi.
      Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс. <*>
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2001.05.11.
               N 605 жарлығымен. U010605_
      5. Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажындағы үзіліспен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметте үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде, осы Ережелердің 4-тармағында белгіленгеніндей аттестациядан өтеді.

     Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiнiң бiр мемлекеттiк органнан жұмыстан 
шыққан күнiнен бастап, басқа мемлекеттік органға қызметке тағайындалған 
күнiне дейiн 3 ай өтпеген және оның аталған кезеңде өзге заңды 
(мемлекеттiк органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек 
қатынастары болмаған жағдайда, мемлекеттiк қызмет өткеру үзiлiссiз болып 
саналады.
<*>

     Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Президентінің 2001.05.11. N 605   
              жарлығымен. 

U010605_

  
     
             2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру 
     
     6. Аттестация өткізуге дайындықты, мемлекеттік орган басшысының 
тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады. 
     Ол мынадай шараларды қамтиды: 
     1) аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;
     2) аттестация өткізудің кестесін әзірлеу;
     3) аттестация комиссияларының құрамын айқындау;
     4) аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру 
жұмыстарын ұйымдастыру.


      7. Мемлекеттік органның кадр қызметі алты ай ішінде бір рет осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес аттестациялануға тиіс қызметшілерді айқындайды.
      8. Мемлекеттік органның басшысы кадр қызметінің ұсынуымен аттестациялануға тиіс қызметшілердің тізімі бекітілген, аттестация өткізу мерзімі және аттестация комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.
      9. Кадр қызметі аттестация өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.
      10. Аттестациялануға тиіс қызметшінің тікелей басшысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызметтік мінездемені ресімдеп, оны кадр қызметіне жолдайды.
      11. Қызметтік мінездеме аттестацияланушы қызметшінің мемлекеттік қызметте үзіліссіз екі жыл болуы мен осыдан кейін осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес өткізіліп отырған аттестацияға дейін өткен мерзімнен тұратын кезең ішіндегі кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген бағасын қамтуға тиіс.
      12. Кадр қызметі қызметшіні аттестация комиссиясының отырысына дейін

үш апта мерзімнен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен 
таныстыруға міндетті. 
     13. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен өзінің 
келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр 
қызметіне беруге хақылы. 
     14. Аттестацияланушы қызметшіге кадр қызметі уәкілетті орган бекіткен 
нысан бойынша аттестациялау парағын ресімдейді. 
     15. Кадр қызметі жиналған аттестациялау материалдарын аттестация 
комиссиясына жолдайды. 
     
                     3. Аттестация комиссиясы 
     


      16. Аттестация комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның басшысы құрады және комиссия мүшелері мен хатшысынан тұрады. Аттестация комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады.
      17. Мемлекеттік органның басшысы лауазымын атқаратын қызметшіні аттестациялауды өткізетін аттестация комиссиясын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оны осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлға құрады.
      18. Мемлекеттік орган жұмысының қызмет бағыттарының ерекшеліктеріне байланысты бірнеше аттестация комиссиялары құрылуы мүмкін.
      19. Аттестация комиссиясының төрағасы мен оның мүшелері аттестациялануға тиіс қызметшілерге қарағанда дәл сондай лауазым атқаруы немесе неғұрлым жоғары лауазымды атқаруға тиіс.
      20. Аттестация комиссиясының мүшелері аттестациядан жалпы негіздерде өтеді.
      21. Аттестация комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметшілер енгізіледі.
      22. Аттестация комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп есептеледі.
      23. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен

айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының даусы 
шешуші болып табылады. 
     
                       4. Аттестацияны өткізу 
     
     24. Аттестация комиссиясы аттестациялауы аттестацияланушы қызметшінің 
қатысуымен өткізеді. 
     Аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған 
қызметшілер, жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді. 
     Аттестация комиссиясының отырысына қызметші дәлелсіз себеппен 
келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның 
қатысуынсыз аттестация өткізу туралы шешім қабылдауға хақылы. 
     25. Аттестация комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп және 
қызметшілермен әңгіме өткізе отырып мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 
     1) атқаратын лауазымына сәйкес;
     2) қайтадан аттестациялануға тиіс;
     3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.


      26. Аттестация комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы қабылдаған шешімі аттестациялаудың теріс нәтижесі болып табылады.
      27. Қызметшінің кәсіби деңгейі мен оның атқаратын лауазымына сәйкестігін бағалау үшін шешім қабылдағанға дейін аттестация комиссиясы сынақ, сауалдама және топтық пікірталас әдістерін қолдануы мүмкін.
      Қызметшілерді аттестациялауға мемлекеттік орган басшысының шешімі

бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сараптау және консалтингтік 
ұйымдар тартылуы мүмкін. 
     28. Аттестация комиссиясының шешімі ашық немесе жасырын дауыс беру 
арқылы қабылданады. Дауыс беру жолы аттестация комиссиясының қарауы 
бойынша таңдалады. Аттестация комиссиясы құрамына енген аттестациядан 
өтуші қызметші, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды. 
     29. Қайтадан аттестациялау бастапқы аттестация өткен уақыттан алты 
айдан кейін, осы Ережелерде айқындалған тәртіппен жүргізіледі. Аттестация 
комиссиясы қайтадан аттестациялауды жүргізе отырып, келесі шешімдердің 
біреуін қабылдайды: 
     1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
     2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді. 
     30. Аттестация комиссиясының шешімдері, оның мәжілісіне қатысқан 
аттестация комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен 
ресімделеді. 
     31. Қызметші аттестация комиссиясының шешімімен таныстырылуға тиіс. 
     32. Аттестация комиссиясының шешімдерін бір ай мерзімде мемлекеттік 
орган басшысы бекітеді. 
     33. Бекітілген аттестация комиссиясы шешімдері қызметшінің 
аттестациялық парағына енгізіледі. 
     34. Аттестациядан өткен мемлекеттік қызметшінің аттестациялық парағы 
және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. 
     Аттестация комиссиясының мемлекеттік орган басшысы бекіткен шешімі де 
қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі. 
     35. Мемлекеттік органның басшысы аттестация комиссиясының шешімін 
бекітпеуге және қайта аттестациялау тағайындауға құқығы бар, оның шешімі 
түпкілікті болып табылады. Қайта аттестациялау осы Ережелердің 
29-тармағына сәйкес жүргізіледі. 
     36. Мемлекеттік органның басшысы бекіткен аттестацияның теріс 
нәтижелері, қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып 
табылады. 
     
            5. Аттестациялық комиссияның шешіміне шағым беру 
     
     37. Қызметші аттестация комиссиясының шешімін бекіту туралы 
мемлекеттік орган басшысының бұйрығына, мемлекеттік қызмет істері 
жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағым арыз беруге құқығы бар. 
     38. Осы Ережелерді бұзу жағдайлары анықталған жағдайда мемлекеттік 
қызмет істері жөнінде уәкілетті орган мемлекеттік орган басшысына бұйрықты 
өзгерту жөнінде ұсыным жасайды. 
     39. Мемлекеттік орган басшысының бұйрықты өзгертуге және қайта 
аттестация тағайындауға құқығы бар. Қайта аттестациялау осы Ережелердің 
29-тармағына сәйкес жүргізіледі. 
     40. Мемлекеттік органның басшысы екі апта ішінде уәкілетті органды 
қабылданған шешім туралы хабардар етеді. 
     
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.