Комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 жылғы 10 наурыздағы N 74-ө

Қолданыстағы
      1. 1992 жылғы 26 ақпандағы үкiметаралық келiсiмге сәйкес

құрылған қытай дүкендерi желiлерiнiң қызметiн реттеу мақсатында
ведомствоаралық комиссия құрылсын.
     2. Ведомствоаралық комиссия мына құрамда бекiтiлсiн:

     Коструба            - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономика.
     Петр Иванович         лық байланыстар министрiнiң орынбасары
                           (комиссия төрағасы)

     Ыдырысова           - Сыртқы экономикалық байланыстар министр.
     Светлана Кәрiмқызы    лiгiнiң Сыртқы экономикалық қызметтi
                           реттеу басқармасы бастығының орынбасары

     Лопатко             - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономика.
     Ирина Владимировна    лық байланыстар министрлiгiнiң Экспорт
                           және импорт басқармасы бастығының
                           орынбасары

     Уәлиева             - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономика.
     Шәйжамал Жүнiсқызы    лық байланыстар министрлiгiнiң Экспорт
                           және импорт басқармасының жетекшi
                           экономисi (комиссия хатшысы)

     Iңкарбаев           - Қазақстан Республикасы Сауда министрiнiң
     Дабыр Қамысбайұлы     орынбасары

     Құлмағамбетов       - Қазақстан Республикасы Сауда министр.
     Жұмахан Ақбашұлы      лiгiнiң сыртқы экономикалық байланыстар
                           бөлiмiнiң бастығы

     Марзилович          - Қазақстан Республикасы Экономика министр.
     Ольга Алексеевна      лiгiнiң тұтыну нарығы, сауда және қызмет
                           көрсету жиынтық бөлiмiнiң бастығы

     Колесников          - "Казконтракт" корпорациясы Сыртқы
     Александр             экономикалық байланыстар қызметi басқар.
     Александрович         масы бастығының орынбасары

     Ахметова            - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
     Жанат Алтынбекқызы    лицензиялау бөлiмiнiң бастығы (келiсiм
                           бойынша)

     3. Құрылған комиссияның негiзгi мiндеттерi:

     - осы аталған қытай дүкендерiнiң қызметiн Үкiмет келiсiмдерiнiң
шарттарына сәйкес реттеу;


      - олардың Қазақстан Республикасындағы өндiрiстiк және өндiрiстiк емес құрылымдармен өзара қарым-қатынасының бағыттары мен тәртiбiн анықтау;
      - мүдделi ұйымдармен және жергiлiктi әкiмдермен келiсiм бойынша өзара саудаға арналған тауарлардың көлемiн, номенклатурасы мен индикативтiк тiзiмiн анықтау;
      - Қазақстан экономикасына саудадан түскен ақшадай қаражат сомасын инвестициялау үшiн объектiлердi анықтау және Қытай Жағымен инвестициялар мен Қытайға апарылатын тауарлардың көлемiн анықтап алу деп белгiленсiн.

      Премьер-министр