Үкiметаралық қатынастары туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 15 ақпан 1993 ж. N 34-ө

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы шарттың 37-бабына сәйкес, сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бiрлескен мәжiлiсiнiң 1992 жылғы 22 қазандағы Хаттамасындағы 6-бапқа орай, екi жақты сауда-экономикалық қатынастарды, ғылыми-техникалық және мәдени

ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, осы 
және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара 
мүдделiлiгiн туғызып отырған басқа да проблемалар бойынша 
үкiметаралық қатынастарды тереңдету мақсатымен, Қазақстан - Ресей
бiрлескен Комиссиясының Қазақстан жағы мына құрамда жасақталсын:

     Жабағин А.Ә.        - Қазақстан Республикасы 
                           Премьер-министрiнiң орынбасары 
                           /комиссияның Қазақстан жағының 
                           төрағасы/
     Әбiтаев Е.Ә.        - Экономика министрiнiң орынбасары 
     Ахметғалиев Б.Р.    - Қазақстан Республикасының Президентi   
                           мен Министрлер Кабинетi Аппаратының
                           ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң 
                           меңгерушiсi
     Бегахметов Т.К.     - Еңбек министрiнiң орынбасары
     Iлиясов Қ.А.        - Байланыс министрiнiң орынбасары 
     Кенжалин Ш.Р.       - Мембағаком төрағасының орынбасары
     Кравчук А.В.        - Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк   
                           комиссияның бөлiм бастығы
     Құрманғожин С.Ә.    - Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi
                           орынбасары
     Құсайынов Ә.Қ.      - Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары
     Құсымжанов М.Қ.     - Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау 
                           министрiнiң орынбасары
     Лобаев А.С.         - Энергетика және отын ресурстары 
                           министрiнiң орынбасары
     Мамыров Е.Н.        - Сыртбайланысминi экспорт және импорт
                           басқармасының бастығы
     Омарбаев Қ.О.       - "Қазконтракт" АБ-нiң Вице-президентi
     Панов Ю.В.          - Көлiк министрiнiң орынбасары
     Сағындықов Е.К.     - Меммүлiкком төрағасының бiрiншi
                           орынбасары
     Сафрыгин М.М.       - Қорғаныс министрiнiң орынбасары
     Соболев В.В.        - Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Тәжияқов Б.Ш.       - Ұлттық мемлекеттiк банк басқармасы
                           төрағасының бiрiншi орынбасары /келiсiм
                           бойынша/
     Тайжанов Б.Қ.       - Сыртқы экономикалық байланыстар 
                           министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Телемтаев М.С.      - Сауда министрiнiң орынбасары
     Шадрин В.А.         - Қазақстан Республикасының Президентi
                           мен Министрлер Кабинетi Аппаратының ТМД
                           iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң консультанты
                           /комиссияның Қазақстан жағының жауапты
                           хатшысы/
     Шандров Т.К.        - Экология және биологиялық ресурстар
                           министрiнiң орынбасары
     Шкляр В.В.          - Бас кеден басқармасы бастығының 
                           бiрiншi орынбасары


      Қазақстан - Ресей бiрлескен Комиссиясының қызметiне қатысты шығындар, оның iшiнде шетел валютасы бойынша шығындар қызметкерлерi комиссияның құрамына кiрген орталық атқарушы өкiмет органдарының есебiне жатқызылсын.

      Премьер-министр