Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiнде өткiзiлген халықаралық конкурстың қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 жылғы 27 қаңтардағы N 24

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Орынбасарының 1992 жылғы 15 мамырдағы N 3-3 өкiмiне сәйкес Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiнде өткiзiлген халықаралық конкурстың қорытындылары бойынша:
      1. Құрамына "Мицуи", "Мицубиси", "Тойо Инжиниринг" компаниялары кiретiн консорциум Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiндегi халықаралық конкурстың жеңiмпазы деп танылсын.
      2. "Мицуи" және "Мицубиси" компаниялары аталған зауытты жобалау, салу және пайдалануға беру жөнiндегi бiрлескен кәсiпорында шетелдiк әрiптестер ретiнде бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi:
      конкурс жеңiмпазын таныстыруды Ақтау қаласында өткiзсiн;
      жеңiмпаз консорциуммен одан әрi жұмыс жөнiнде өкiлдiктер табыстайтын Қазақстан тарапынан ұйымдарды белгiлесiн;
      бiрлескен кәсiпорынның құрылуына және Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын жобалау мен салу жөнiндегi жұмыстың барысына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр