Мәскеу қаласымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келiсiм туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 16 қазан 1992 ж. N 306

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Мәскеу қаласымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келiсiмiн жүзеге асыру мақсатында:
      1. "Аңсат" Халықаралық биржалық сауда үйiнiң акционерлiк қоғамына "Берлин" мейманхана кешенiнiң құрылысын аяқтау мен одан әрi пайдалану жөнiндегi тапсырыс берушiнiң мiндетi жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомына "Аңсат" ХБСҮ АҚ-на аяқталмаған құрылыс бойынша республиканың мемлекеттiк меншiгiнiң үлесiне басшылық ету хұқын табыстау ұсынылсын.

      Премьер-министр