Валюталық түсiмге жеңiлдiк беретiн 0,5 процент салық ставкасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 9 қазан 1992 ж. N 299

Қолданыстағы
      "Зекоммерце" фирмасымен жасалған N 1918-0002А/18/11/91 контрактiнi төлеуге арналған Қарағанды металлургия комбинатының металл өнiмдерiн экспортқа шығарудан алынған 4,8 млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi валюталық түсiмiне жеңiлдiк беретiн 0,5 процент салық ставкасы белгiленсiн.

       Премьер-министр