"Сары-Арқа" қазақстан-герман бiрлескен кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнің өкiмi 15 қыркүйек 1992 ж. N 252

Қолданыстағы
      1. Ақмола облысы әкiмiнiң, "Қазжиhаз" концернiнiң Германияның валюталық несиесiн пайдаланып, "Грекон" фирмасымен жиhаз шығару жөнiнде Ақмола қаласында "Сары-Арқа" қазақстан-герман бiрлескен кәсiпорнын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Әлем Банкiне осы аталған несиенi қамту жөнiнен кепiл болу тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртбайланысминi валюталық несиенi жабу мақсатында 1993 жылдан бастап "Сары-Арқа" қазақстан-герман бiрлескен кәсiпорнына белгiленген тәртiппен шығаратын өнiмдерiнiң экспортына лицензия беретiн болсын.

       Премьер-министр