Мұнай туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының өкiмi 12 тамыз 1992 ж. N 3

Қолданыстағы
      1. Қызылорда және Жезқазған облыстарында орналасқан Арысқұм, Майбұлақ және Қызыл-Қия ұсақ мұнай кен орындарын игеру жөнiнде "Вега-Д" Канада фирмасымен бiрлесiп, "Туранпетролеум" бiрлескен кәсiпорындарының құру туралы "Оңтүстiкқазақстанмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң, "Оңтүстiкқазақстангеология" өндiрiстiк геологиялық кәсiпорындарының, Қызылорда облысы әкiмiнiң инициативасына қолдау көрсетiлсiн.
      2. "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Геология және жер қойнауын қорғау министрлiктерiмен бiрлесiп Арысқұм, Майбұлақ, Қызыл-Қия мұнай кен орындарын игеру жобасын сараптаудан өткiзетiн болсын.
      3. Осы аталған кен орындарындағы көмiрсутегi шикiзаты қорының жартымсыз екенi ескерiлiп, пайдалы қазбаларды өндiру мен ұқсату үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған шартты "Туранпетролеум" бiрлескен кәсiпорны халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерiмен Қазақстан Республикасының Жер қойнауы мен минералдық шикiзатты ұқсату жөнiндегi Кодексiнiң талаптарын сақтай отырып, жасасатын болып белгiленсiн.

       Премьер-Министрдiң
       орынбасары